Жұрын ауданы — 1935-1963 жылдары болған Қазақ КСР Ақтөбе облысының әкімшілік бөлінісі (1936 жылға дейін — Қазақ АКСР). Орталығы — Жұрын ауылы.

Тарихы Жұрын ауданы 1935 жылы 29 желтоқсанда Темір ауданының солтүстік-шығыс бөлігінен құрылды.

1951 жылғы мәліметтер бойынша ауданның құрамында 14 ауылдық кеңес (Бақтыөзен, Батпақкөл, Жұрын, Егіндібұлақ, Казак, Қарағанды, Қызылмадияр, Краснощекин, Құмжарған, Ново-Херсон, Сталин, Орқаш, Шилі, Еңбекші) және 1 жұмысшы кенті (Ембі) болды.

1963 жылы 2 қаңтарда Жұрын ауданы таратылды.

Тұрғындары 1939 жылғы халық санағы бойынша Жұрын ауданында 29 077 адам тұрды, оның ішінде қазақтар – 46,0%, орыстар – 26,2%, украиндар – 20,8%, татарлар – 2,2%, қырғыздар — 1,4% құрады. 1959 жылғы халық санағы бойынша ауданда 27 065 адам тұрды.

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның таратылған аудандары