Роберт Апшер «Боб» Вудворд (; 1943 ж.т.) — америкалық журналист, тергеу журналистикасының майталман шебері.

1971 жылдан бастап The Washington Post газетінде жұмыс істейді.Боб Вудворд профайлы 1972 жылы әріптесі Карл Бернстейнмен бірге Уотергейт жанжалы деп танылған істі зерттеумен болып, үлкен абыройға ие болды. «Қоғамға адал қызмет еткені үшін» оларға Пулитцер сыйлығы табысталды.

2002 жылы мемлекет деңгейіндегі репортаждары үшін ол әріптестерімен бірге тағы бір Пулитцер сыйлығын иеленеді.

Кітаптары All the President's Men (Карл Бернстейнмен бірге) — 1976 жылы экрандалды (қ. Президенттің бүкіл жасағы) The Final Days (Карл Бернстейнмен бірге) Veil: The Secret Wars of the CIA The Choice Shadow: Five Presidents and the Legacy of Watergate Bush at War Plan of Attack The Secret Man (Карл Бернстейнмен бірге) State of Denial: Bush at War, Part III The War Within: A Secret White House History (2006—2008) Obama’s Wars The Price of Politics The Last of the President’s Men Fear: Trump in the White House Rage Peril

Дереккөздер

Санат:АҚШ журналистері Санат:Пулитцер сыйлығының иегерлері