Сергей Анатольевич Гоцманов (27 наурыз 1959https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/118260, Қарасу ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — КСРО-лық және беларусьтік футболшы, шауылшы.
Карьерасы
Клубтық Ата-анасы 50-жылдары Қазақстанға тың игеру үшін көшіп келді де, Сергей Қостанай облысында дүниеге келді. 1961 жылы қайтадан Минскіге көшіп өтті.
1977 жылы карьерасын "Динамо" (Минск) клубында бастады.
1978 жылғы маусымды "Динамо Брест" клубында өткізді.
1979 жылы "Динамо" (Минск) клубына қайта оралып, одақ тарқағанша сонда ойнады. 1982 жылы КСРО чемпионы атанды.
1990 жылы "Саутгемптонға" ауысты. Бір маусымнан соң Германияның "Галлащер" клубының сапына қосылды.
1992 жылы отанына қайта оралды. Кейін "Динамо" (Минск), "Динамо-93", АҚШ-тың "Миннесота Тандер" клубтарында доп тепті.
Халықаралық 1984 жылы КСРО құрамасындағы тұңғыш ойынын өткізіп, ӘЧ-1986 іріктеу матчтарына қатысты. 1988 жылғы Еуропа чемпионында өнер көрсетті.
1992 жылы Беларусь Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнады.
Жетістіктері
Командалық КСРО чемпионы: 1982, қола жүлдегер: 1983 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1988
Жеке Белорусь жыл футболшысы: 1983, 1985, 1987, 1989
Дереккөздер
Санат:КСРО футболшылары Санат:Беларусь футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Беларусь Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Минск ФК ойыншылары Санат:Динамо Брест ФК ойыншылары Санат:Динамо-93 ФК ойыншылары Санат:Брайтон энд Хоув Альбион ФК ойыншылары Санат:Саутгемптон ФК ойыншылары