Салқыншоқы – Күршім жотасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Майтерек ауылының солтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2084 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі тік, өзен арналарымен тілімденген. Жер қыртысы девонның туф жəне эффузивтік тау жыныстарынан түзілген. Таудан Қойшілік, Қалғұтты өзендерінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Солтүстік беткейіндегі тау шатқалдарында аралас жапырақты, тауаралық аңғарларында жалпақ жапырақты орман өседі.Қазақстан Энциклопедиясы, 7 том.
Дереккөздер
Санат:Күршім ауданы таулары