Қамыс-Самар уезі — 1919-1922 жылдары болған Қырғыз АСКР (1925 жылдан бастап — Қазақ) Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Орталығы Қамыс-Самар болған Қамыс-Самар уезі 1919 жылы құрылды. 1920 жылы оған 17 көшпелі болыстар кірді, олардың атауларының орнына сандар (1-ден бастап 17-ге дейін) болды.
1921 жылдың қаңтарында 17 болыстың орнына 8 құрылды (барлығы көшпелі):
Жарқын Қоға Көкшоқа Қошқар Самар Сарыгүл Сарыөзек Торлықұл
1922 жылы 6 мамырда Қамыс-Самар уезі таратылды. Оның аумағы Жаңақала уезіне өтті.
Сілтеме Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан) — Алматы, 1959
Санат:Бөкей губерниясы уездері