Полина Александровна Гурьева (Полина Александрунга Гурьева; 5 қазан 1999 жыл, Ашхабад) — 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін түркімен зілтеміршісі. Ислам Ынтымақтық ойындарының чемпионы. 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Түркіменстанның Олимпиададағы бірінші және әзірше жалғыз жүлдегері.
Өмірбаяны Полина Гурьева 1999 жылы 5 қазанда Ашхабадта орыс отбасында дүниеге келді First-ever Turkmen Olympic medallist gifted car, apartment, cash — France 24 .
Түркімен мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтында жоғары білім алды.
Полина Гурьева 2013 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 23 -ші орынды иеленді. Оның нәтижесі екі жаттығудың қосындысында 116 келі болды: жұлқа көтеруде 50 келі, серпе көтеруде 66 келі. Сол жылы ол жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысып, 113 келі нәтижесімен оныншы болды.
Токио-2020 Полина 27 шілдеде Токиода өткен Олимпиада ойындарында 59 келіге дейінгі салмақта Түрікменстан атынан шықты. Спортшы 217 келі нәтиже көрсетті (серпе көтеруде 121, жұлқа көтеруде 96). Ауыр атлет күміс медаль жеңіп алды және өз елінің тарихында Олимпиада ойындарында медаль алған бірінші әйел болды. Алтын медаль үшін күресте Полина Гурьева 236 келі (103 + 133) есебімен тайвандық Гуо Синьцзунға есе жіберді. Үшінші орын алған жапондық Микико Андо Гурьевадан үш келіге (214 келі: 94 + 120) озды.
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Алфавит бойынша ауыр атлеттер Санат:Түрікменстан ауыр атлеттері Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері