Эмерсон Лейте ди Соуза Жуниор (порт. Emerson Aparecido Leite de Souza Junior, қысқаша Эмерсон порт. Emerson; 14 қаңтар 1999https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/476344, Сан-Паулу) — бразилиялық футболшы, Бразилия Ұлттық футбол құрамасы мен "Тоттенхэм Хотспур" клубының қорғаушысы.

2021 жылғы Америка кубогына қатысқан.

Карьерасы "Понте-Прета" клубының түлегі. 2017 жылы 22 ақпанда Паулиста лигасында "Линенсе" клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. Сол жылы 5 қарашада Бразилия А сериясындағы тұңғыш ойынын "Баия" клубына қарсы өткізді.

2018 жылы 3 сәуірде "Мирасоламен" ойында тұңғыш голын соқты.

2018 жылы сәуірде "Атлетико Минейроға" ауысты. 2019 жылы "Барселонаға" ауысты, бірақ артынша "Реал Бетиске" жалға берілді. 2021 жылы "Барселонаға" қайта оралды.

Жетістіктері

Командалық

Америка кубогының финалисі: 2021

Дереккөздер

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлетико Минейро ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Реал Бетис ФК ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары