«My Heart Will Go On» — Селин Дион орындайтын ән, Титаник фильмінің басты музыкалық тақырыбы. Сөзін Уилл Дженнингс, музыкасын Джеймс Хорнер жазған.

1997 жылы Селин Дионның Let's Talk About Love альбомы құрамында шығып, бұл ән көптеген елдердің чарттарынан топ жарды. Жеке сингл ретінде 1997 жылдың 8 желтоқсанында (Аустралия мен Германияда) және 1998 жылдың қаңтар мен ақпанында (басқа елдерде) жарияланып, ол 1998 жылдың ең көп сатылған синглі болып шықты. Жалпы, синглдің сатылымы 18 миллион данадан асып, ол барлық уақыттың бестселлер синглдері қатарына енді.

Бұл ән әртүрлі сыйлықтарға, оның ішінде «Оскарға», ие болды. 2004 жылы Америкалық кино институты бұл әнді өзінің «100 жыл... 100 ән» тізіміне енгізіп, оны фильмдерде ойнайтын әйгілі әндердің ішінде #14 орынға орналастырды. MTV бұл әнді 90-шы жылдары шығарылған үздік әндердің ішінде #6 орынға қойды.

Жүлделері Сыйлық аты Марапаттау рәсімі Номинациясы Нәтиже Алтын глобус 18 қаңтар 1998 ж. Үздік фильм әні Оскар 23 наурыз 1998 ж. Үздік фильм әні Грэмми 24 ақпан 1999 ж. Жыл жазбасы Жыл әні Әйелдер арасындағы үздік поп-вокал Бейнемедиа үшін жазылған үздік ән

Чарттар 1998 жылдың қорытынды чарттарыОрныUS Billboard Hot 10013US Adult Contemporary (Billboard)5US Adult Top 40 (Billboard)26US Hot Latin Songs (Billboard)12US Hot Soundtrack Singles (Billboard)1US Mainstream Top 40 (Billboard)10US Rhythmic (Billboard)18Canada Top Singles (RPM)3Canada Adult Contemporary (RPM)1Аустралия (ARIA Charts)14Аустрия (Ö3 Austria Top 40)2Бельгия (Ultratop 50 Flanders)1Бельгия (Ultratop 50 Wallonia)2Германия (Official German Charts)1Еуропа (European Hot 100 Singles)1Исландия (Íslenski Listinn Topp 40)2Испания (PROMUSICAE)7Нидерланды (Dutch Top 40)1Нидерланды (Single Top 100)1Norway Spring Period (VG-lista)1Франция (SNEP)3Швейцария (Schweizer Hitparade)1Швеция (Sverigetopplistan)1UK Singles (OCC)2

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша әндер Санат:Оскар сыйлығын алған әндер Санат:Селин Дион әндері Санат:Титаник