Айдос Темірғалиұлы Тәттібаев (26 сәуір 1990 жыл,Тransfermarkt.com Захаровка, Нұра ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық футболшы, "Шахтер" клубының шабуылшысы.
Карьерасы Қарағандының "Шахтер" клубының түлегі. 2009 жылы карьерасын "Гефест" клубында бастады.
2010 жылы "Шахтерға" оралды. Сол жылы Қазақстан кубогының финалисі атанды. 2012 жылы "Болат-Амт" клубына ауысты. 2014 жылы "Гефестке", 2015 жылы тағы да "Болат-АМТ" клубына ауысты.
2016 жылы "Шахтерға" қайта оралып, үш маусым ойнағанымен, мергендігімен көзге түсе алмай, қосалқы құрамда отырып қалды да, 2018 жылдың бірінші жартысында тағы да "Болат-АМТ" клубына кетті. Жылдың екінші жартысын "Таразда" өткізді.
20119 жылы Қазақстан бірінші лигасында ойнайтын "Каспийге" ауысты.
2020 жылы туған клубы "Шахтерға" қайта оралды.
Жетістіктері
Командалық
«Шахтёр»
Қазақстан кубогының финалисі: 2010
«Каспий»
Бірінші лиганың күміс жүлдегері: 2019
Жеке
Бірінші лиганың үздік мергені: 2019 (19)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Гефест ФК ойыншылары Санат:Шахтер-Болат ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары