Желдіқара – Жетісу облысы Көксу ауданы жерінде орналасқан тау. Айнабұлақ және Сарыөзек стансалары аралығында.
Жер бедері Тау сілемдері, негізінен, ұсақ шоқылы қыраттар болып келеді. Абсолюттік биіктігі 1357 м. Шығыстан батысқа қарай ұзындығы 10 км-ге созылған, ені 8 км-ге жуық. Батыс және оңтүстік беткейі тік жарқабақты.
Геологиялық құрылымы Каледон қатпарлығы жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың етегі жазық, сайлы-жыралы, шөбі тықыр келген. Мұнда изен, жусан, бетеге, селеу, тобылғы, қараған өседі. Мал жайылымына қолайлы."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Көксу ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы