Шора (Шарон) — Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы өзен. Қиғаштың тармағы. Ұзындығы 40 км-ге жуық.
Шортанбай ауылынан кейін өзен бірнеше тармаққа (Көкарна және т.б.) бөлінеді. Тармақтармен қоса есептегенде ұзындығы шамамен 140 км. Өзен суы ендік бағытпен ағып, Құрманғазы ауылына дейін жетеді. Халқы тығыз қоныстанған аудан өңірін сумен қамтамасыз етеді. Жағалауында қамыс, құрақ өскен, суында балығы мол. Жыл құстары паналап, ұя салады.
Дереккөздер
Санат:Еділ су алабы өңірі өзендері Санат:Құрманғазы ауданы өзендері