Тахталы Жәми мешіті () — Бақшасарайдағы XVIII ғасырдағы мешіт, Қырым. Гаспринский көшесінде, ескі қалада орналасқан, оны елді мекеннің кез келген жерінен көруге болады.https://vasilev-life.ru/mechet-taxtaly-dzhami-v-baxchisarae Мечеть Тахталы-Джами в Бахчисарае (Крым)

Тарихы Мешіт 1707 жылы Шіріксу өзенінің оң жағалауында салынған. Мешіт құрылысының бастамашысы - ханшайым Бек хан Сұлтанхани болды. Ханшайым әйгілі хан Селим Гирейдің қызы болған.https://privettur.ru/bahchisarai/o_kurorte/others/mechet_tahtaly-djami/ Мечеть Тахталы-Джами Шамасы, «Тахталы Жәми» атауы 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында онда жүргізілген күрделі жөндеуден кейін пайда болды.https://qmdi.org/mechet-tahtaly-dzhami-v-bahchisarae/ Мечеть Тахталы-Джами в Бахчисарае

1913 жылы Осман аға махалласының тұрғындары Тахталы Жәми мешітін жөндеу жобасын губерниялық әкімшіліктің құрылыс бөліміне жібереді. Жоба мақұлданып 1913 жылы 29 шілдеде имам Сейіт-Асан Мұстафа әпендіге жіберілді. Мешіттің тас едені ағаш еденмен алмастырылды, терезелері мен кіре беріс есіктері жартылай шеңберлі доғалы етіп үлкейтіліп көгілдір бояумен боялды. Мешіт 1923 жылға дейін жұмыс істеді, ал жабылғаннан кейін ол шаруашылық бөлме ретінде пайдаланылды. 1981 жылы "Тахталы Жәми" мешітін қалпына келтіру жобасы жасалды, қабырғалардың астыңғы және ішкі беті сылақтан тазартылды. Бақшасарай облыстық атқару комитетінің 1990 жылғы 27 сәуірдегі №106 шешімімен қалпына келтірілген мешіт ғимараты жергілікті «Мұстафа Жәми» мұсылман қауымына беру қарастырылған.http://tehne.com/assets/i/upload/event/svod-pamiatneykov-istorii-arhitektury-i-kultury-krymskikh-tatar-tom-1-bakhchisarai-2016.pdf Свод памятников истории, архитектуры и культуры крымских татар. Том 1. Бахчисарай. -Симферополь: ООО ФОРМА,

Архитектурасы Мешіт-ескі қаланың сәулеттік жетістігі болып табылады. Ол ағаш тақталардан салынған, содан кейін қабырғаларды төсеу кезінде тас блоктармен жабылған. Тахталы-Джами - Қырым хандығы дәуірінен бүгінгі күнге дейін сақталған санаулы мешіттердің бірі. Мешіттің пішіні жай төртбұрышты. Шығысқа жаққа қарайтын терезелері тікбұрышты, қалғандары жартылай шеңберлі. Кіреберіс кең террасамен безендірілген, оның үстіне ою-өрнек пен құрылыс күні белгіленген тас плита орнатылған. Шатыры черепицамен жабылған, солтүстік-батысында орналасқан он алты қырлы мұнарасы бар. Мұнара сұрғылт жылтыр тастан тұрғызылған, балкон дәстүрлі ою-өрнектермен безендірілген.https://trekkingmania.ru/mechet_taxtalyi_dzhami/ Мечеть Тахталы-Джами Қабырғалары жергілікті әктастан жасалған. Мешіттің қаңқасы ағаштан жасалған, сондықтан Тахталы-Джами мешіті «тақтадан тұрғызылған» деп аударылады.https://zen.yandex.ru/media/id/5bf0457c76ad8300a93e39aa/mechet-tahtaly--djami-v-krymu-bahchisarai-5c0e499d9c61f000aaf6b43c Мечеть Тахталы – Джами в Крыму. Бахчисарай.

Дереккөздер

Санат:Қырым мешіттері Санат:Бақшасарай мешіттері