Жаңақорған ауданы — Қызылорда облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік, 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы — 16,6 мың км². Орталығы — Жаңақорған кенті.
Географиялық орны, жер бедері Аудан батысында Шиелі ауданымен және Өзбекстан Республикасымен, шығысында Түркістан облысының Созақ, Сауран, оңтүстігінде Отырар аудандарымен шектеседі.
Аудан жерінің солтүстік-шығыс бөлігін Қаратау жотасының солтүстік-батыс сілемдері алып жатыр. Ең биік жері — 1419 м (Бесарық өзенінің бастауында). Орталық бөлігін Сыр бойы жазығы, оңтүстігін, оңтүстік-батысын Қызылқұм шөлі алып жатыр. Ауданның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Қаратаудың Өгізмүйіз тауы етегінде Шалқия кеніші орналасқан.
Қазба байлықтары Кен орнынан мырыш, қорғасын, күміс, кадмий, т.б. сирек кездесетін металл кентастары кездеседі. Сондай-ақ, ауданда құрылысқа жарамды тас, қиыршықтас, құм, саз (бентонит), т.б. кен қорлары бар.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты — континенттік. Қысы біршама жұмсақ, жылы күндер жиі болып тұрады. Жазы ыстық, аңызақ. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы — 6–7°С, шілдеде — 27–28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері — 150–200 мм. Өзен жүйесін Сырдария өзені және оның оң салалары (Бесарық, Ақұйық, Жиделі, т.б.) құрайды. Борықтыкөл, Нарсоққан, Бозкөл, Қандыарал, Шұқырой, т.б. көлдері бар. Топырағы аллювийлі-шалғынды, шалғынды-батпақты, сор, сортаң, оңт-ке қарай құмды келеді. Қаратау етегінде жусан, селеу, шеңгел, тобылғы, жиде, итмұрын, шөлде баялыш, көкпек, сораңшөп, сексеуіл, жыңғыл, су бойында қамыс-құрақ өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, жабайы шошқа, ақбөкен, қырғауыл, шіл, т.б. мекендейді.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2024 16472 23424 37029 50959 61643 67563 70128 81515 Тұрғындар саны – 81 515 адам (2024). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,12%, орыстар – 0,27%, басқа ұлт өкілдері – 0,61%.
Әкімшілік бөлінісі 34 елді мекен 24 ауылдық округ пен 2 кенттік әкімдікке біріктірілген: + Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Аққорған ауылдық округі Түгіскен ауылы 1 4446 Ақүйік ауылдық округі Бірлік ауылы 1 2358 Байкенже ауылдық округі Байкенже ауылы 2 1429 Екпінді ауылдық округі Екпінді ауылы 1 926 Жайылма ауылдық округі Жайылма ауылы 1 1489 Жаманбай батыр ауылдық округі Бесарық ауылы 2 3119 Жаңаарық ауылдық округі Жаңаарық ауылы 1 1865 Жаңақорған кенттік әкімдігі Жаңақорған кенті 1 31910 Кейден ауылдық округі Кейден ауылы 2 1470 Келінтөбе ауылдық округі Келінтөбе ауылы 1 3183 Көктөбе ауылдық округі Көктөбе ауылы 1 503 Қандөз ауылдық округі Қандөз ауылы 2 1308 Қаратөбе ауылдық округі Баспақкөл ауылы 1 1611 Қожакент ауылдық округі Қожакент ауылы 1 3152 Қожамберді ауылдық округі Қожамберді ауылы 1 786 Қосүйеңкі ауылдық округі Қосүйеңкі ауылы 1 776 Қыраш ауылдық округі Қызылмақташы ауылы 1 829 Қыркеңсе ауылдық округі Әбдіғаппар ауылы 1 1847 Манап ауылдық округі Манап ауылы 2 1023 Мәшбек Нәлібаев ауылдық округі Ақжол ауылы 1 1026 Өзгент ауылдық округі Өзгент ауылы 2 1701 Сунақата ауылдық округі Сунақата ауылы 2 2386 Сүттіқұдық ауылдық округі Тақыркөл ауылы 1 2082 Талап ауылдық округі Бесарық станциясы 1 1146 Төменарық ауылдық округі Төменарық ауылы 1 3716 Шалқия кенттік әкімдігі Шалқия кенті 2 2655
Кәсіпорындары Өнеркәсіп орындарынан Шалқия кен өндіру кешені, тас ұнтақтау зауыты, т.б. шағын кәсіпорындар (май, нан зауыттары) бар. Жаңақорған ауданындағы бұрынғы күріш, қаракөл қойын, етті-сүтті ірі қара, бау-бақша, жеміс жидек өсіруге маманданған 14 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан бері акционерлік қоғамдар, серіктестіктер, өндірістік кооперативтер және шаруа қожалықтары болып қайта құрылған. Одан басқа құрылыс, көлік, телекоммуникация, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары бар.
Ауыл шаруашылығы Егін егуге жарамды жері — 1,4 млн га, оның ішінде: жыртылған жері — 16,2 мың га, шабындығы — 30,8 мың га, жайылымы — 1,3 млн га. Негізінен, күріш өсіріледі. 2000 жылдың басында ауданда 22,6 мың ірі қара (оның ішінде 7,0 мың сиыр), 131,1 мың қой мен ешкі, 5,7 мың жылқы, 0,6 мың түйе болды.
Әлеуметтік құрылымдары Жалпы білім беретін 40 мектеп, 2 музей, 20 мешіт, 32 кітапхана, 29 мәдениет үйлері мен клубтар, қонақ үйі, 2 спорт сарайы, 9 спорт кешені, стадиондар мен спортзалдар бар. 5 аурухана, 1 емхана, 22 фельдш.-акушерлік және 6 дәрігерлік пункттер жұмыс істейді. Аудандағы елді мекендерге 78,6 км су құбыры тартылған.
Тарихи ескерткіштері Жаңақорған ауданында Қарасопы, Хорасан ата, Құрбан ата, Сунақ ата кесенелері, Ақтас мешіті сияқты тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласының орны сақталған. Құм астында қалған Сауран, Өзгент, Аққорған, Ордакент сияқты ежелгі қалалардың орны бар. Аудан жерімен Қызылорда–Шымкент автомобиль және темір жолдары өтеді.
Жаңақорғанан шықан атақты адамдар Исатай Әбдікәрімов, Сұлтан Сартайұлы Сартаев, Оңалбек Сапиев, Сейілбек Шауқаманов, Қалтай Мұхамеджанов, Дүкенбай Досжан, Тынымбай Нұрмағамбетов, Жадыра Дәрібаева, Мәлібек Жандарбеков, Төлепберген Әбдірашев — дирижер, Мұхтар Әлиұлы Әлиев — дәрігер-хирург, Бірлесбек Алдияров — академик, Сейфулла Әбдірайымов, Қалила Нематұлы Омаров — режиссер, Әнуар Әбутәліпов — Кеңес Одағының батыры, Бексұлтан Байкенжеев — ақын, жазушы.
Дереккөздер
Санат:Жаңақорған ауданы