«Қоян Роджерге ор қазған кім» — шынайы актёрлері мен мульткейіпкерлері қатарынан көрсетілген америкалық көркем фильм, 1988 жылы шыққан.

Бұл фильмде Walt Disney Company, Universal Pictures, Warner Bros., MGM сияқты анимациялық студиялардың кейіпкерлері алғаш рет бірге, бір кадрда көрсетіледі, мысалы Багз Банни мен Микки Маустың кездесуі, Дональд Дак пен Даффи Дактың музыкалық сайысы.

Мол табысқа ие болған бұл фильм көрермендердің де, сыншылардың да көңілінен шықты. Ол үздік монтаж, үздік дыбыс монтажы және үздік визуалды эффектер үшін «Оскар» сыйлықтарын жеңіп алды, ал фильмнің анимациялық жағын басқарған Ричард Уильямс арнайы жетістіктері үшін берілетін «Оскарды» иеленді.

2016 жылы «Қоян Роджерге ор қазған кім» фильмі АҚШ Конгресс кітапханасының Ұлттық фильмдер регистріне енгізілді.

Сюжет Фильм оқиғалары 1947 жылғы Лос-Анджелесте орын алады. Бүкіл мульткейіпкерлер (toons) ойдан шығарылған Мультаун (Toontown) қала маңы жерінде тұрады. Қоян Роджерге бай бизнесменді өлтірді деп айып тағылады. Оның ақталып шығуына соңғы үміт болып тұрған адам — детектив Эдди Валиант.

Дереккөздер

Санат:Роберт Земекис фильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:Үздік визуалды әсерлер үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер)