Ғалымжан Баділжанұлы Жақиянов (8 мамыр 1963 жыл, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық кәсіпкер және саясаткер, Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық қозғалысы негізін қалаушыларының бірі, 1997–2001 жылдары Павлодар облысының әкімі және 1994–1997 жылдары Семей облысының әкімі. Жақиянов қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 2002–2006 жылдар аралығында түрмеде отырған.
Өмірбаяны 1963 жылы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Құйған ауылында дүниеге келген. Қазақ. Орта жүздің Найман тайпасының Терістаңбалы руынан шыққан.http://nomad.su/?a=0-200204051600https://shezhyre.psu.kz/index.php?Itemid=56&id=76&option=com_content&view=article
Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің машина жасау факультетін бітірген, (1986) инженер-механик, экономика ғылымдарының кандидаты (1999). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: "Аймақтағы тұрғын үй-коммуналдық реформа (Семей облысының мысалында)".
1986-1989 жылдары – Семей машина жасау зауытында цех шебері, комсомол комитетінің хатшысы.
Халық депутаттары Семей қалалық кеңесінің (1989-1993), Семей облыстық мәслихатының (1993-1994) депутаты.
1990-1992 жылдары — "Томан" коммерциялық фирмасының директоры.
1992-1994 жылдары — "Семей" қаржы-өнеркәсіп тобының бас директоры.
1994-1997 жылдары — Семей облыстық әкімшілігінің басшысы (1995 жылдан — Семей облысының әкімі).
1997 жылы – Қазақстан Республикасы Стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігінің төрағасы.
1997-2001 жылдары – Павлодар облысының әкімі. "Астана" медалімен (1998), II дәрежелі "Мәскеудің Әулие князі Даниил" орденімен (1999) марапатталған.
Қазақстанның демократиялық таңдауы республикалық қоғамдық бірлестігінің (ДВК) құрылуына байланысты отставкаға кетті.
2001 жылдың қараша айында Ғалымжан Жақиянов Ораз Жандосовпен (ҚР вице-премьер-министрі), Төлен Тоқтасыновпен (ҚР Парламентінің депутаты, бизнесмен), Нұржан Субханбердин және Мұхтар Аблязовпен (Қазкоммерцбанк пен Тұран-Әлем банкінің басшылары мен негізгі иелері), сондай-ақ бірқатар басқа Үкімет мүшелерімен, Парламент депутаттарымен және еліміздің жетекші кәсіпкерлерімен бірге Қазақстанның демократиялық таңдауы республикалық қоғамдық бірлестігінің (ҚДТ) бастамашыларының бірі болды.
2002 жылы – Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының төрағасы болып сайланды.
2002 жылғы тамызда лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 307, 308-баптары бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Еуропалық Одақтың https://www.europarl.europa.eu/meetdocs/2004_2009/documents/fd/dcas20060425_06/dcas20060425_06en.pdfhttps://www.europarl.europa.eu/sides/getDoc.do?pubRef=-//EP//TEXT+TA+P5-TA-2003-0064+0+DOC+XML+V0//EN&language=MT және АҚШ-тыңhttp://www.state.gov/documents/organization/43226.pdf ресми органдары сот процесінің саяси уәждемесін атап өтті және Қазақстан билігін қылмыстық істі әділ қарауға шақырды. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Amnesty Internationalhttps://www.amnesty.org/en/library/asset/EUR01/001/2004/en/7ff8510f-d60a-11dd-bb24-1fb85fe8fa05/eur010012004en.html , Human Rights Watchhttps://www.hrw.org/en/node/12147/section/3, адам құқықтары жөніндегі халықаралық Хельсинки Федерациясыhttp://www.humanrights.kz/report_year5-1.php Жакияновты саяси тұтқын деп таныды.
2006 жылы мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылды.
2006 жылдан бастап "азаматтық қоғам" қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы.
2012 жылы отбасымен бірге АҚШ-қа, Бостон қаласына көшіп, Слоан мектебінің MBA бағдарламасына Массачусетс технологиялық институтына түсті.http://forbes.kz/woman/karlyigash_jakiyanova_iz_bostona_-_s_lyubovyu
2013 жылы ол енді саясатпен де, жеке бизнеспен де айналыспайтынын мәлімдеді.
Отбасы Әкесі — Жақиянов Бәділжан Жақиянұлы (1919—1987), Ұлы Отан соғысының қатысушысы, ұжымшар төрағасы, кеңшар директоры болып жұмыс істеген.
Анасы — Жақиянова Рәш (1927—1984), бухгалтер.
Дереккөздер
Санат:Семей облысының әкімдері Санат:Павлодар облысының әкімдері Санат:Семей облыстық мәслихатының депутаттары