thumb|right|250px|Прогресс циклі (ғылыми байқау - технологиялық тапқырлау - өндірістік қолдану - бедерсіздену - қайтадан жаңа ізденіс) Бедерсіздену () — мәлім объект, сервис, немесе қызмет қажеттсінуден түсіп қалатын, немесе құлдырайтын жағдай, тіпті ол әдеттегідей жап-жақсы жұмыс істеп тұрса да, су-жаңа болса да, бәрібір оның дәурені өтуі, нарықтағы жаңа өзгерістерге төтеп бере алмай сұраныссыздануы.Merriam-Webster Online Dictionary Definition of Obsolete by Merriam-WebsterDictionary.com Definition of Obsolete by Dictionary.com

Халықаралық стандарт EN62402 Бедерсіздену Менеджменті Қолданба Нұсқаулығы бойынша бедерсіздену ұғымына "түпнұсқа өндірушінің, немесе қамдаушының өнімі қажеттіліктен қажетсіздікке өтуі" деп анықтама береді.[https://www.techstreet.com/standards/din-en-62402?product_id=1531000 DIN EN 62402 Obsolescence management - Application guide (IEC 62402:2007); German version EN 62402:2007]

Бедерсіздену әрқандай салада жиі жүз береді, өйткені ауыстыратын жаңасы күндердің бірі қол жетімді болады, ал ол түпнұсқаны сақтау мен жөндеуге салыстырғанда көп артықшылықтарға ие.

Бедерсіздену сондай-ақ қолданыстан қалған, тасталған, көнерген нәрселерге де қаратылады.Fowler HW and Fowler FG (1st ed.), Thompson Delia (ed.) (1995). The Concise Oxford Dictionary of Current English, 9th Ed., Clarendon Press, Oxford. ISBN 0-19-861319-9. Әдетте, бедерсіздену алдында танымалдылық біртіндеп төмендей бастайды. Салдары thumb|right|250px|Барахолкадағы бедерсізденген видео кассеталар Жылдам технологиялық өзгерістер жетегінде жаңа компоненттер дамытылып, тезден базарға шығып отырады. Нәтижеде барлық компоненттердің өндіру әдістері мен нарықтағы қол жетімділігі күрт өзгереді. Үздіксіз өсу үстіндегі өндіріс секторында өнімдер ендігі жерде қажетсінуге сәйкес келмейтін жағдайға тап болады. Бұл жағдай бедерсіздену деп аталады, ол түпнұсқа өндірушіге қажетсіздік туғанын білдіреді. Бедерсіздену мәселесі әсіресе электроника технологиясы саласында кең таралған, мұнда микроэлектронды аспаптардың сатылым мерзімі көбінесе өндіріс мерзімі мен дәріптелген қолданыс мерзімінен айтарлықтай қысқа болады, яғни өндірушілер соңында бір мезгіл сатылым болмаса да алдыңғы сатылымның екпінінде өндіре беруі мүмкін. Алайда, бедерсіздену электроникадан басқа салаларға, мысалы тоқыма және механика салаларына да жалпыласқан. Сонымен қатар, бедерсіздену бағдарламаларға, Сипаттамаларға, стандарттарға, процесстерге және адами шеберлік секілді жұмсақ ресурстарға да ортақ. Төтенше шығындардан сақтану және шығынды барынша азайту үшін бедерсізденуді белсенді басқарудың маңызы зор.Bjoern Bartels, Ulrich Ermel, Peter Sandborn and Michael G. Pecht (2012). Strategies to the Prediction, Mitigation and Management of Product Obsolescence, 1st. Ed., John Wiley & Sons, Inc., Hoboken, New Jersey. ISBN 1-11-814064-8.

Тағы қараңыз Амортизация Модернизация

Дереккөздер

Санат:Өнім Санат:Өндіріс факторлары Санат:Экономикалық мәселелер Санат:Бедерсіздену Санат:Нарықтар