Сүртісу, Күремөзен, Кеңсаз – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысының Қорғалжын, Ұлытау облысының Жаңаарқа аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 104 км, су жиналатын алабы 6300 км2.
Бастауы Аймысық, Суықбастау (602 м) тауларындағы бұлақтардан басталып, Қызылжар кентіне жетпей Сарысуға құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы көбіне тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы 57 темір жол айырмасы тұсында 3,10 м3/с. Алабы жайылымға, шабындыққа пайдаланылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы өзендері Санат:Қорғалжын ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы