VUCA — бұл жалпы жағдайлар мен жеке істердің құбылмалылығын (volatility), анықсыздығын (uncertainty), күрделілігін (complexity) және түсініксіздігін (ambiguity) сипаттайтын немесе бейнелейтін қысқарған сөз (акроним) болып, оны алғаш рет 1987 жылы Уоррен Беннис пен Берт Нанустың өз көшбасшылық теориясында қолданды. АҚШ Армиясының Әскери колледжі VUCA тұжырымдамасын жетілдіріп, оны Қырғиқабақ соғысы аяқтаған соң қалыптасқан көп-жақты әлемді түсіндіруге пайдаланды. Әскери оқытудан алынған «VUCA» терминін жиі қолдану мен талқылау 2002 жылдан бастал. Қазір ол коммерциялық корпорациялардан бастап білім беру саласына дейінгі ұйымдарда жаппай қолданылатын стратегиялық көшбасшылық идеясының бірі. Alt URL
VUCA ұғымының мағынасы VUCA-ның әрбір элементінің терең мағынасы көрегендік пен шабыттың стратегиялық маңызын арттырады, сондай-ақ ұйымдардағы топтар мен жеке тұлғалардың іс-әрекетін жақсартуға қызмет етеді. It discusses systemic failures Онда ұжымдық сәтсіздікке апаратын жүйелі сәтсіздіктер мен ұйымдастыру сәтсіздіктері түсіндіріледі.
V = құбылмалылық: өзгеру сипаты мен динамикасы, өзгеру күштері мен өзгеру катализаторларының сипаты мен жылдамдығы. U = анықсыздық: болжау мүмкіндігінің болмауы, тосынсыйлар, тосын ойлар, тосын мәселелер мен тосын оқиғаларды түсіну және түсіндіру. C = күрделілік: күштердің мультиплексі, мәселелердің шиеленісуі, ұйымды қоршап тұрған себеп-салдар тізбегі және шатасулар. A = түсініксіздік: шындықтың бұлдырлығы, дұрыс түсінбеу мүмкіндігі және шарттардың аралас мағыналары; себеп-салдарды шатастыру.
SPOD әлемі Бұл дәуірді VUCA әлемі («ЫЮка» деп оқылады) деп атайды. Ол кешегі SPOD әлемінің орнына келді.
SPOD әлемінің де атауы аббревиатура: Steady – тұрақты, Predictable – болжауға тұрарлық, Ordinary – қарапайым, Definite – анық, нақты.
Осы тұрақты әрі қарапайым әлемде барлық қабылданған өмір сүру стратегияларын әуелден-ақ болжауға болатындай еді. Мемлекеттер мен мекемелер, адамдар мен ұжымдар алдын-ала тізімі белгілі даму стратегияларының ішінен өздеріне ең қолайлы және дұрыс дегендерін таңдап, соларды жүзеге асыратын-ды. Бұл стратегиялардың әкелетін нәтижелері де әу бастан анық еді.
SPOD әлеміндегі адамдардың басым көпшілігі комфорт аймағында өмір сүріп жатты. Өйткені адамға жанға жайлы, үйреншікті, ішкі дәстүрге мол, тыныштық пен рахатқа мол өмір жақын. Мұндай өмір тіпті арман болып көрінеді көп адамға. Ондайлар жаңалық пен өзгерістерді ұнатпайды. Алайда кейбір ғалымдар (мысалы, американдық психолог әрі педагог Джером Брунер) өмірдің нақты және айқын болғанын жақтыратындарда ойлау стереотипі басым болып (яғни, олар бірсарынды ғана ойланады), билікті әсіре дәріптеп, адамдарды тереңінен түсінбей, олардың әрекеттерін де талдай алмайды деп есептейді. Бұған қоса мұндай адамдардың жеке өмірінде де проблемалар баршылық болады екен.
Енді осы қарапайым, тұрақты, болжауға келетін, оң мен солы айқын, жанға жайлы, комфортқа негізделінген SPOD әлемі құрдымға кетіп, оның орнын белгісіздік пен тұрақсыздық жайлаған күрделі VUCA әлемі басып алды. thumb|right|300px|VUCA VUCA әлемі Американдық психологтардың ойдан құрастырған VUCA аббревиатурасының мәнісі мынандай:
Volatility (өзгермелі, тұрақсыз, ауыспалы, аумалы-төкпелі, қалт-құлт еткен) –жағдаяттар тез және ойламағандай өзгеріп, оларға қарап болашақта не болатындығы мен қажетті әрекеттерді болжау мен жоспарлау мүмкін болмай қалады. Оларға тек бейімделу керек. Мұндай өзгерістердің бір ғана тұрақты сипаты бар: олар тұрақты түрде болып тұрады.
Мұндай жағдайда не істеу керек? Белгісіз, оны ешкім де білмейді. Сондықтан да ұйым басшылары жауапкершілікті өз мойнына жүктеп, әрі қарай қай бағытта және қалай өзгеру мен даму керектігін өздері шешеді.
Uncertainty (белгісіздік) – бұл бәрін де бұзып тастайтын өзгерістердің болатын орны. Мұнда өткеннің бәрі де болашақ туралы болжам жасау мүмкіндігін бермейді, сондықтан да келер шақты айқындау өте қиынға соғады. Бұл жерде ақпарат та, нәтиже де бұлыңғыр, неғайбыл. Сондықтан да не істеу керектігі туралы сұрақтың жауабы да ешкімге белгілі емес.
Complexity (күрделі) – өзгермелі тұрақсыз әрі белгісіз өлшемдердің көптігі: түсінуге қиын көптеген факт, себептер мен жәйттердің бірігіп, проблема мен қиыншылыққа айналуы. Олардың қандай болатындығы және салдары да беймәлім. Не жасау керектігі туралы шешімді де қабылдау оңай емес.
Ambiguity (екіұшты, айқын емес, бір жауабы жоқ, беймәлім) – болып жатқан оқиғалар мен жағдаяттардың не білдіретіндігі түсініксіз: «кім, не қашан және неліктен» деген сұрақтарға жауап іздеу қиынға соғатын жер. Тез арада жағымды нәтиже беретін құралдарды басшы мен ұжымның өзі таңдауы керек және де олардың нәтижелі болатындығына ешкім де кепілдік бере алмайды. Мұндайда «шешім - әрекет – қателесу – шешім» стратегиясы жүзеге асырылады.
Алдымен американдықтар 1987 жылы VUCA ұғымын әскери күштерге қатысты қолдана бастады. Жаңа жаңдайда армиялардың қозғалу жылдамдықтарын өлшеу бүгін оңай емес. Мұндағы қиындық - әскери бірліктердің көптігі, оларды жылдам және тиімді түрде басқару қажеттілігі. Ал белгісіздік – болжау мүмкіншілігі мен майдан шебіндегі оқиғалардың өрбуіне ықпал жасау мүмкіншіліктерінің тапшылығы. Екіұштылық – болып жатқан оқиғаларды бұрмалап, бұрыс шешім қабылдауға әкелуі мүмкін қасақана жалған немесе қате жіберілген ақпаратқа (дезинформация) тап болу қаупі.
Мұның бәрін алдымен полковник-ғалым Стефан Гаррос байқаған екен. Оған мынандай сұраққа жауап беру қажет болған: соғыс жағдайы мен майдан өтіндегі оқиғалар толассыз өзгеріп жатқанда не жасау керек? Бұл мақсатта полковник болып жатқан әрекеттерді жақсы сипаттай алатын VUCA ұғымын ұсынады
Бүгінде бұл ұғым бизнес, технологиялар саласы мен басқаруда кеңінен қолдана бастады. Әлемде жаһандану үдерістері өрбуде, сол себепті де әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеруде.
Алайда бүгінде біз негізінен сол баяғы SPOD әлемінің өлшемдері және қағидаттарымен өмір сүріп, жаңа VUCA әлеміне беймделе алмай жүрген жоқпыз ба? SPOD әлемін гольф секілді ойынмен салыстыруға тұрарлық: алаңда бей-жай, асықпайтын ойыншылар жүр, олар анда-санда ғана бір әрекет жасап қойып (оның өзіне ұзақ дайындалады: өлшейді, пішеді, ыңғайластырады), содан кейін жасыл алаңды оңды-солды бейқам түрде аралайды, келесі әрекетке дайындалады.
Ал VUCA әлемін ережелері ойын барысында өзгеріп тұратын футболға теңеуге болады: біресе қолмен допты ұстауға рұқсат етіледі, лезде ол ереже өз күшін жояды, кенет допты басқа қақпа жаққа тебу керек болады немесе командалардың құрамы кілт өзгеріп, енді бағанағы жақтастарға қарсы ойнауға тура келеді; үзілісте де дамыл жоқ: демалудың орнына екінші таймда не және қалай жасау керектігін талқылау керек, бірақ алаңға шығысымен үзілісте ойлап-пішкендердің барлығы да жарамсыз болып қалғанын түсінесің, өйткені біз енді футбол емес хоккей ойнауымыз керек болып шығады.
VUCA әлеміндегі жағдай
Ғалымдардың пайымдауы бойынша, VUCA әлемі ІV өнеркәсіп революциясымен байланысты болып, экономика мен ұлттық мүдделерді қамтумен қатар әр адамға да әсерін тигізеді. Біздің қандай дәуірде өмір сүріп жатқанымызды мынандай жәйттер сипаттайды:
- әлемдегі барлық ақпараттың 90% соңғы 2 жылда пайда болған,
- 2020 жылы сандық әлемнің көлемі 44 зетабайтқа (44 триллион гигабайт) жетеді,
- алайда ол ақпараттың 90%-ы өңделмеген мәліметтер,
- әлемнің дамыған елдерінде (АҚШ, Канада, Жапония, Италия, Франция, т.б.) 2007 жылдан кейін дүниеге келген балалардың орташа жасы 104 болады,
- 1 Гб ақпаратты сақтау 1980 жылдан бері 1 миллиард есе арзандаған,
- бір адамның геномын «оқудың» (оның аминқышқылды және нуклеотидті реттілігін анықтау) құны 100 мың есе арзандаған,
- 2025 жылы әлемдік экономиканың 46%-ы сандық ортада жұмыс жасайтын болады,
- әлем тұрғындарының 75% мобильдік байланысқа қол жеткізген, алайда олардың кейбіреулері таза ауыз суға тапшы,
- бүгінде ең қажетті және жалақысы жоғары деп саналатын кемінде 10 кәсіп осыдан 10 жыл бұрын жоқ болатын (BIG DATA бойынша маман, АРР құрастырушысы, дрон операторы, т.б.).
Қазіргі болжауға келіңкіремейтін әлемде өзгерістер барлық салаларды қамтыған. Қиындықтар мен проблемалар бұрыннан бетер күрделі және көп салалы болуда. Бүгінде беделді болу үшін қадағалау мен лауазымдық билікке сүйенбей, тек ықпал жасауға негізделу керек. Ықпал жасау үшін өзгерістерді жеңіл-желпі жасамай, тереңіне батыру керек, үйреншікті жүйені бұзып, жаңа бағыт-бағдарлар ұсыну қажет.
Білім де бүгінде сенімді емес, өйткені ақпараттың өмір сүру мерзімі өте қысқа, оларды дәлелдеу үшін уақыт керек, ал уақыт өте тапшы. Сондықтан да интуиция мен ішкі жан-дүниенің сапасы секілді жасырын білім қажет. Міне, осы сияқты жүйелі білім ғана проблемаларды түсініп, оларды шешу үшін керек болуда.
Демек, VUCA дегеніміз осындай аумалы-төкпелі, еш тұрақтылығы жоқ әлем.
VUCA өмір VUCA әлемінің ерекшеліктерін түсіну үшін өз өміріміздің бір күнін еске түсірсек жеткілікті:
- жұмыста – әр басшыдан бірнеше нұсқау, бұйрық, жарлық не талап, әр сағат сайын туындаған проблемалар,
- отбасында – аяқасты пайда болған проблемалар мен сұрақтар, олар шешімді дәл қазір талап етіп тұр,
- туған-туыс пен дос-жарандар – әрқайсысы өз проблемасымен бізге жүгініп, соларды шешуге атсалысуымызды өтінеді,
- әлеуметтік желілер – жауабыңыз бен реакцияңызды күткен (репост, лайк немесе дизлайк) толассыз жаңалықтар, ақпараттар, фото мен видеолар.
Мұның барлығын есімізде сақтау үшін біз баяғыдай қойын дәптер ұстамаймыз: біздің қолымызда есте сақтау мүмкіндігі ондаған гигабайттан тұратын кішігірім компьютер бар (смартфон). Соның көмегімен біз орасан көлемді ақпаратпен жұмыс жасаймыз: жартысын өшіреміз, екінші жартысын ұмытамыз. VUCA әлеміне бейімделу VUCA әлеміне сай болу үшін, оның талаптары мен сұраныстарына, тегеуріні мен екпініне төтеп беру үшін біз қандай болуымыз керек және не жасай білуіміз қажет? Бұл күрделі әлемге дайын болу үшін біз мынандай талаптарға сай болуымыз қажет дейді ғалымдар:
- ақпараттың орасан ауқымды көлемін игеруге дайын болу,
- бейімшіл, икемді, алғыр болып, шұғыл түрде шапшаң қимылдап, жылдам таңдау жасап, тез шешім қабылдай білу,
- бәрін де реакция жылдамдығы, стандартты емес шешімдер, жұмысты дұрыс ұйымдастыру шешетіндігін мойындау,
- еш өлшемдерге келмейтін стандартты емес жағдаяттарда әрекеттене білу,
- өзгерістерді икемді түрде қабылдап, оларға лезде бейімделіп, жауап беру,
- тұрақты түрде барлық іс-әрекеттер мен бағдарламаларды бүгінгі күннің талаптары мен қағидаттарына сәйкестігін қадағалап, тексеріп тұру,
- тұрақты түрде ұжымда кенеттен туындаған проблемалар мен қиындықтарды шешу тренингтерін ұйымдастырып тұру,
- пайда болған мәселелерді (проблемалар мен қиындықтарды) өздігімен шешуге үйрену және өзгелерді үйрету,
- кадрлардың тұрақсыздығына дайын болу,
- тапсырманы дәл айтылған кезде орындау дағдыларын қалыптастыру,
- жаңалық пен инновацияны ендіруге ұмтылу, ал басшыларға осындай қызметкерлерді іздестіру,
- үздіксіз күйзелістерге (стресс) дайын болу,
- үздіксіз оқу мен үйрену,
- үздіксіз жаңа дағдылар қалыптастыру,
- жаңа лауазым мен жұмыс орындарын меңгеру,
- байланыс пен қарым-қатынастың жаңа құралдарын меңгеруге дайын болу,
- дарынды қызметкерлерді іздеу және оларды маңызды лауазымдарға қою,
- уақытша жұмыс жасайтын қызметкерлерді пайдалану,
- ұрпақтардың тез алмасуына дайын болу,
- қызметкерлерге қойылатын талаптардың өзгеріп отыруына дайын болу,
- жаңа стандарт, іс-әрекет пен үдерістерді енгізіп, лауазымдық нұсқаулықтарды жиі жаңартып отыру. VUCA адамы Жаңа дәуір адамдардың жаңа түрін де талап етеді. Адамдардың тек кейбіреулері ғана жаңалықтарға жаны құштар болып, өмірін үздіксіз өгерістерге толтырады. Міне, осы секілді адамдар жаңа әлемге еш қиындықсыз табиғи түрде бейімделіп кетеді. Ғалымдардың айтуы бойынша, ВУКА әлемінде өзге адамдар мен жағдаяттарға түсінушілікпен қарайтын (толерантты) және белгісіздікке шыдамды адамдар өзін жақсы сезінеді. Толеранттылық дегеніміз ақпарат аз болып, оқиғалардың дамуына болжау жасай алмаған, жоспарлау мен шешім қабылдауда жоғары тәуекел болған жағдайда белгісіздікке шыдамдылықпен қарау.