Қатынадыр – Ор және Қатынадыр өзендерінің суайрығындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылының солтүстігінде 18 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 380 м, салыстырмалы биіктігі 80 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 5,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі көлбеу келген.

Өсімдігі Құрғақ дала белдемінің сұр, қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, жусан, бұталы өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Хромтау ауданы таулары