Мыршым — жастардың алқа-қотан отырып жүзікті аузына жасырып ойнайтын ұлттық ойынҚазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы : Дайк –Пресс, 2008. – 968б.. «Мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын. Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады. Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ болады. Ойын басталғанда ойыншылар жүргізуші айтқан «Мыршым-мыршым» деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты байқампаздық пен тапқырлықты даму.

Мыршым ойыны кейбір сөздіктерде «мыршалай – мыршыл», «мыршым-мыршым» деп аталады. Яғни бұл ойынның атауы нақты бір ғана атауды иемденбей, ойын барысындағы қолданысы бойынша да аталады. Семей, Ақсуат, Көкпекті, Аягөз өңірлерінде солай аталады. Сонымен қатар, «мыршым» ойынының ойналуында аймақтық жерлерге байланысты ерекшеліктер болып тұрады. Мысалы, Қазақ тілінің аймақтық және диалектотгиялық сөздіктерінде мыршым ойынына мынадай анықтама берген.

Мыршым - көзді байлап ойнайтын ойын (Түркістан облысы)Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы : Дайк –Пресс, 2008. – 968б..

Қазақ халқының дәстүрлі ойындары өте көп, олардың біразы халық жадынан ұмыт болған , дегенмен қазіргі күнге дейін сақталып, қолданыста жүрген ойындар саны 750-дей екен. Ғалым Ә.Қайдар өз еңбегінде ұлттық ойындардың жалпы тізімін келтіріп, олардың негізгілеріне анықтама беріп өтеді.

Ұлттық ойындардың жалпы тізімі

А: Абойы, Ағала, Ағаш аяқ; Қ: Қазақша күрес , Қазан, Қазан доп; М: Мыршалай мыршыл, Мыршым-мыршым.Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. –Алматы: «Арыс» баспасы. Ғ.Қалиев, О.Нақысбеков, Ш.Сарыбаев, А.Үдербаев. 2005.

Ұлттық ойынның бұл түрін Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» романынан кездестіре аламыз. -Жолдастар! – деді Қамбар қамшысын сарт еткізіп. – Енді ақсүйек ойыны басталды. Содан соң, «Мыршалай-мыршым», «Бел-беу соқ»... [5, 32б] (О. Бөкей «Өз...»).Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік / Ә.Қайдар. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2013. Т.2: Қоғам. – 2013. – 728бет

Дереккөздер