Гүлжігіт Жәнібекұлы Әліқұлов (; 25 қараша 2000 жылТransfermarkt.com сайтындағы профилі, Тоқтагұл, Қырғызстан) — қырғыз футболшысы, Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық "Дордой" клубының түлегі. Бірақ туған клубында кәсіпқой футболшы ретінде бір ойын да өткізбеді.

2018 жылы "Қара-Балта" клубында мансабын бастады, бірақ 2018 жылғы маусымның екінші жартысын "Алғада" өткізді.

2020 жылы қаңтар айында "Неман" клубынан "Қайратқа" ауысты. Трансфер құны 180 мың еуроға бағаланды. 27 тамызда УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеуінде "Ноа" клубының қақпасына еурокубоктердегі тұңғыш голын соқты. Бұл ойында "Қайрат" 4:1 есебімен жеңіске жетті. Сол жылы Қазақстан чемпионы атанды.

Халықаралық Қырғызстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамада 2019 жылы 11 маусымда Палестинаға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет алаңға шықты. 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде үш голдың авторы атанды.

Жетістіктері

Клубтық Қазақстан чемпионы: 2020 Қазақстан кубогы: 2021

Жеке Қырғызстан жыл футболшысы: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Қырғызстан футболшылары Санат:Қырғызстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қара Балта ФК ойыншылары Санат:Алға ФК ойыншылары Санат:Неман Гродно ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары