Роза Абсаметова Әзімбекқызы – 1949 жылы Жамбыл қаласында дүниеге келген.

Өмірбаяны 1949 жылы 5 сәуірде Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласында дүниеге келген. 1971 жылы Мәскеу тоқыма институты «Механика және технология» факультетінің инженер-технолог мамандығы бойынша білім алды. Булеков.С.Б. ЗНАТНЫЕ И ДЕЛОВЫЕ ЛЮДИ КАЗАХСТАНА: Историки-познавательный и энциклопедический справочник. – Алматы: “Зерде”, 2003. -432.

Еңбек жолы Еңбек жолын 1971-1978 жылдары жұмыс істеген Қарғалы мата фабрикасынан бастады. Ол цех мастері, техникалық бөлімнің инженері және бригадир болды. 1978 жылы Роза Азимбекқызын Алматы кілем зауытына ауыстырды, ол зауытта қызмет еткен жылдары техникалық бөлімнің инженері, тоқу өндірісінің бастығы және бас инженердің орынбасары қызметтерін атқарды.https://aseke.ru/biografia/259-absametova-ismailova-roza-azimbekovna.html 1985-1995жж - зауыттың бас инженері болды. 1995 жылы Роза Азимбекқызы «Алматы кілем» АҚ президенті болып сайландыhttps://www.goszakup.gov.kz/ru/registry/show_supplier/148300, елдегі экономикалық реформа барысында ол Қазақстандағы жалғыз кілем кәсіпорнында инженерлік-техникалық мамандардың тірегі болды. Оның басшылығымен өндірісті басқару жүйесін қайта құру жүргізілді, ассортимент жаңартылды, сапа түбегейлі жақсарды, заманауи сату желісі құрылды. Роза Азимбекқызы аудандық комитеттің, облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды, КОКП-ның 27-ші съезіне делегат болды. Қазіргі уақытта ол қалалық мәслихаттың депутаты, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының тексеру комиссиясының мүшесі, Халықаралық кілем корпорациясы (Мәскеу) басқармасының мүшесі.Өзінің еңбек жолымен ерекшеленген табысты әйел болғандықтан, Елбасының бастауымен ұйымдастырылатын іс шараларға әрқашан шақырылатындардың қатарында .http://medeu.almaty.kz/news/kruglyy-stol-na-temu-uspekh-zhenshchin-v-seme-i-biznese/?lang=ru&arrFilter_pf%5BQUEST_LANG%5D=2&set_filter=Y

Марапаттары «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер