Мажарстан — Сальвадор футбол матчы (1982) (ағыл. Hungary v El Salvador, 1982 FIFA World Cup) — 1982 жылғы Испанияда өткен әлем біріншілігінің топтық турниріндегі кездесу. 1982 жылы 15 маусымда Эльче қаласында ойналды.

Матч

Шолу Екі құрама үшінші топқа түсті. Топта бұл екеуінен бөлек Аргентина мен Бельгия құрамалары болды. Мажарстан мен Сальвадор құрамалары алғашқы турда кездесті.

Ол кезде Мажарстан құрамасы өте күшті болатын, ал Сальвадор керісінше әлем чемпионатындағы аутсайдерлердің бірі саналды.

Матчта әлем чемпионаттары тарихындағы ең жылдам хет-трик соғылды: Ласло Кишш 69-76 минуттар аралығында үш гол соқты. Сондай-ақ, Киш ойын барысында алаңға шығып, хет-трик жасап үлгерген әлем чемпионаттары тарихындағы жалғыз футболшы.

Матч 10:1 есебімен мажарлардың жеңісімен аяқталды. Бұл әлем чемпионаттары тарихындағы ең ірі есептердің бірі (бұған дейін екі кездесу 9:0 есебімен аяқталған, бірақ бұл матчта гол көбірек соғылды).

Сальвадорлықтар сапынан жалғыз голды 64-минутта Луис Рамирес жақын жерден теуіп соқты. Бұл кезде 5:0 болатын. Соған қарамастан гол соққан кезде Рамирес өте қатты қуанды, өйткені бұл Сальвадор құрамасының әлем чемпионаттарындағы тұңғыш (бүгінге дейінгі жалғыз) голы болатын.

Ірі жеңіс Мажарстан құрамасына көмектеспеді, екінші турда Аргентинадан 1:4 есебімен ұтылды, соңғы турда Бельгиямен 1:1 есебімен тең ойнап, топта үшінші орында қалды. Ал Сальвадор құрамасы көпшілік күткендей үш кездесу де ұтылды. Дегенмен бұдан кейінгі турларда Сальвадор оңай беріле салған жоқ, екінші турда Бельгия 1:0 есебімен бұларды әзер ұтса, соңғы турда Диего Марадона бастаған Аргентина бұлардың қақпасына екі гол ғана соға алды.

Сальвадор содан кейін әлем чемпионатына қатысқан жоқ. Детальдар

GK 1 Ференц МесарошSW 3 Ласло БалинтDF 2 Дьезе Мартош DF 6 Имре ГарабаDF 4 Йозеф Тот MF 5 Шандор Мюллер MF 8 Тибор Нилаши (к) The time for this booking is not stated in FIFA report. The player got it midway through the second half (74 min). See the footage of the game.MF 14 Шандор ШаллайFW 7 Ласло Фазекаш Another mistake in FIFA report. The player got the card in the second half (74 min). See the footage of the game.FW 9 Андре Торошик FW 11 Габор Полошкей Алаңға шыққандар:FW 10 Ласло Кишш MF 12 Лазар Сентеш Бапкер:Кальман Месей GK 1 Луис Гевара МораSW 3 Хосе Франсиско ХовельDF 2 Марио Кастильо DF 15 Хайме РодригесDF 4 Карлос Ресинос MF 8 Хосе Луис Ругамас MF 6 Хоакин Вентура MF 10 Норберто Уэсо (к)MF 13 Хосе Мария РивасFW 9 Эвер Эрнандес FW 11 Хорхе Гонсалес Алаңға шыққандар:DF 5 Рамон Фагоага FW 14 Луис Рамирес Сапата Бапкер:Пипо Родригес

Тағы қараңыз

Аустрия — Швейцария футбол матчы (1954)

Дереккөздер

Сілтемелер Санат:Футболдан 1982 жылғы әлем біріншілігі Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Сальвадор Ұлттық футбол құрамасы Санат:1982 жылғы футбол