Данте Бонфин Коста Сантос (; 18 қазан 1983https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/16136, Салвадор, Бразилия) — бразилиялық футболшы, "Ницца" клубының қорғаушысы.

Карьерасы Карьерасын 2001 жылы "Жувентуде" клубында бастады. 2004 жылы "Лилль" клубымен келісім шарт жасасты. Сол жылы 14 ақпанда тұңғыш рет жаңа клубында алаңға шықты, "Монакоға" қарсы ойынның 84-минутында Матье Дебюшидің орнына алаңға шықты.

2006-2009 жылдары Бельгияның "Шарлеруа", "Стандард" клубтарында ойнады. 2009 жылдың соңында "Боруссия Дортмунд" клубына ауысты.

Карьерасының шырқау шегі ретінде 2012-15 жылдары "Баварияда" ойнаған кездерін айтуға болады.

2015 жылы "Вольфсбургке" ауысты. 2017 жылдан бері "Ниццада" ойнайды.

2013 жылы тұңғыш рет Бразилия құрамасында ойнады. 2014 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамаға шақырылмай қойды.

Жетістіктері

«Бавария»

Германия чемпионы (3): 2012/13, 2013/14, 2014/15 Германия кубогы (2): 2012/13, 2013/14 Германия суперкубогы: 2012 Чемпиондар лигасы: 2012/13 УЕФА суперкубогы: 2013 Клубтар әлем чемпионаты: 2013

Бразилия

Конфедерациялар кубогы: 2013

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Жувентуде ФК ойыншылары Санат:Лилль ФК ойыншылары Санат:Шарлеруа ФК ойыншылары Санат:Стандард Льеж ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары Санат:Ницца ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары