Петер Болеслав Шмейхель (; 18 қараша 1963 жыл, Гладсаксе, Дания) — даниялық футболшы, қақпашы. Ұлы Каспер Шмейхель де футболшы, қақпашы.

Мансабы Клубтық 1981 жылы карьерасын "Гладское" клубында бастады. Кейін "Видобреге" ауысты, бұл клубта тіпті шабуылшы боп та ойнап, алты голдың авторы атанды.

1987-91 жылдар аралығында "Брондбю" клубында доп тепті. 1987 жылы-ақ Петерге "Манчестер Юнайтед" жетекшілерінің көзі түсті, бірақ оны жассынып, тәжірибесіз деп есептеп, келісім шарт жасасуға асыққан жоқ. "Борндбю" сапында Петер төрт рет Дания чемпионы атанды.

1991 жылы бәрібір "Манчестер Юнайтед" Шмейхельді сатып алды. Бірнеше жыл сәтті өнер көрсетіп, 1998/99 жылғы маусымнан оң клубтан кетті, оған Англия чемпионатындағы тығыз күнтізбе мен жаттығулардың тым ауырлығы себеп болып, клуб жетекшілер жібергісі келмесе де басқа клубқа ауысты.

Манчестердегі сегіз жылдық карьерасында бапкер Алекс Фергюсонмен бір рет қана кикілжіңге келді, 1994 жылы қаңтар айында "Манчестер Юнайтед" — "Ливерпуль" кездесуінде манчестерліктер 3:0 есебімен ұтып тұрып, үш гол жіберіп алды. Бапкер қақпашыны аямай сынға алып, Шмейхель де дөрекі жауап қайтарды. Бірақ кейін қақпашы кешірім сұрады да, бәрі орнына келді.

Шмейхель кейін бәрібір Англияға қайта келді. 1999-2001 жылдары Португалияның "Спортинг" клубында ойнап, "Астон Виллаға" ауысты.

2002 жылы "Манчестер Ситиге" ауысып, 2003 жылы карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама Құрама сапында тұңғыш рет 1987 жылы алаңға шықты.

1988, 1992, 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионатына, 1998 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Командалық Брондбю

Дания чемпионы (4): 1987, 1988, 1990, 1991 Дания кубогы: 1988/89

Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (5): 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99 Англия кубогы (3): 1994, 1996, 1999 Лига кубогы: 1992 Англия суперкубогы (4): 1993, 1994, 1996, 1997 Чемпиондар лигасы: 1998/99 Еуропа суперкубогы: 1991

Спортинг

Португалия чемпионы: 1999/00 Порткгалия суперкубогы: 2001

Астон Вилла

Интертото кубогы: 2001

Дания

Еуропа чемпионы: 1992

Жеке

Данияның үздік қақпашысы: 1987, 1988, 1990, 1992 Данияның үздік футболшысы: 1990, 1993, 1999 Еуропаның үздік қақпашысы: 1992, 1993, 1997, 1999 Әлемнің үздік қақпашысы: 1992, 1993 Премьер-лиганың үздік ойыншысы: 1995/96 ФИФА 100

Әдебиет

Schmeichel, Peter (2000) . Schmeichel: The Autobiography (2nd edition ed.). London: Virgin Publishing. ISBN 0-7535-0444-8.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Дания футболшылары Санат:Брондбю ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары