Франко Барези (; 8 мамыр 1960 жылhttps://www.footballdatabase.eu/en/player/details/9098, Травальято, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. 1982 жылғы әлем чемпионы.

Мансабы Бүкіл карьерасын "Миланда" өткізіп, 6-нөмірде ойнады. 1997 жылы карьерасын аяқтаған соң клуб 6-нөмірді Барезидің құрметіне мәңгіге бекітті. Балалық шағында "Интернационале" клубының жанкүйері болған, алайда ол клубқа қабылданбады. "Интерге" қабылданбағасын футболды мүлде тастап кету ойында да болған, бірақ Итало Гальбьяти балақайдың бойындағы талантты бірінші боп байқап, "Милан" академиясына алып келеді.

1977 жылы клубтың негізгі құрамына қабылданды, 1978/79 жылғы маусымнан бастап негізгі құрамға толық орнығып алды. 1982 жылы жастығына қарамастан клубтың капитаны боп тағайындалды.

Кейін Паоло Мальдини — Алессандро Костакурта — Франко Барези үштігі футбол тарихындағы тасқамал қорғанысқа айналды. Бұл үшеуіне әйгілі "нидерланд үштігі" Райкаард, Гуллит, ван Бастен қосылып, "Милан" 80 жылдардың соңында ең күшті клубқа айналды.

Барези 1980 жылы Еуропа чемпионатына, 1982 жылы әлем чемпионатына қатысты, бірақ алаңға шықпады.

1994 жылғы әлем чемпионатында Италия финалда Бразилиядан пенальтилер арқылы ұтылды, осы серияда Барези өз соққысын дарыта алмады. Бұл ойын оның құрама сапындағы ең соңғы матчы еді.

Жетістіктері

Командалық

«Милан»

Италия чемпионы (6): 1978/79, 1987/88, 1991/92, 1992/93, 1993/94, 1995/96 Италия суперкубогы (4): 1988, 1992, 1993, 1994 Чемпиондар лигасы (3): 1988/89, 1989/90, 1993/94 УЕФА суперкубогы (3): 1989, 1990, 1994 Құрлықаралық кубок (2): 1989, 1990

Италия

Әлем чемпионы: 1982 Әлемнің Вице-чемпионы: 1994 Әлемнің қола жүлдегері: 1990 Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1988

Жеке

Әлем чемпионатының символикалық құрамы: 1990 ФИФА-100 Италия футболының құрмет залы: 2013 «Милан» клубының құрмет залы

Дереккөздер

Сілтемелер unofficial site 2009 Interview

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Милан ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары