Эммануэль Бонавентуре Деннис (; 15 қараша 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/448854) — нигериялық футболшы, Нигерия Ұлттық футбол құрамасы мен "Уотфорд" клубының шабуылшысы.
Карьерасы
Заря Нигериядағы Абуджа академиясының түлегі. 2016 жылы Украинаның "Заря" клубымен келісім шарт жасасты. Сол жылы 24 шілдеде Донецкінің "Олимпик" клубына қарсы матчта тұңғыш рет алаңға шығып, гол да соқты. Жалпы 2016/17 жылғы маусымда Украина чемпионатында 6 гол соқты.
Брюгге 2017 жылы "Брюггеге" ауысты. 2019 жылы 1 қазанда Чемпиондар лигасының топтық турнирінде сырт алаңда "Реал Мадрид" қақпасына екі гол соқты. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
Ұлттық құрама 2019 жылдан бері Нигерия құрамасы сапында ойнайды.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Нигерия футболшылары Санат:Заря Луганск ФК ойыншылары Санат:Брюгге ФК ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Уотфорд ФК ойыншылары Санат:Нигерия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары