Фулхэм () — Англияның Лондон қаласындағы футбол клубы, 1879 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Крейвен Коттедж" стадионында өткізеді, сыйымдылығы 25 700 адам.
Тарихы 1905 жылы тұңғыш рет кәсіпқой клуб ретінде Англия футбол лигасының екінші дивизионына қатысты. Клуб бүкіл тарихында жоғары дивизионда жиі ойнағанымен, көбіне аутсайдер ретінде қатысып, екінші лигаға түсіп қалумен болды.
1968 жылы екінші лигаға түсіп қалды да, 2001 жылы бір-ақ оралды. Дегенмен осы аралықта өздерінің ең ірі табысына қол жеткізді — 1975 жылғы Англия кубогының финалына шықты. Бірақ онда лондондық тағы бір клуб "Вест Хэм Юнайтедтен" ұтылды.
20 ғасырдың 50-60 дылдары клубта Джонни Хейнс, сэр Бобби Робсон, Алан Маллери секілді футболшылар доп тепті.
2008/09 жылғы Англия Премьер лигасында 7-орын алды да, УЕФА Еуропа лигасына қатысты. 2010 жылы УЕФА Еуропа Лигасының тұңғыш финалына шықты, бірақ бұл жолы да "Атлетико Мадридтен" жеңіліс таптыhttp://www.uefa.com/uefaeuropaleague/season=2010/overview/index.html#200910+atletico+crown+historic+campaign .
2018/19 жылғы Англия чемпионатының қорытындысында чемпионшипке түсіп қалды.
Жетістіктері
Ұлттық
Англия кубогы: Финалист: 1975
Халықаралық
УЕФА Еуропа Лигасы: Финалист: 2010 Интертото кубогы: Жеңімпаз: 2002 Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайты
Санат:Англия футбол клубтары Санат:Интертото кубогының жеңімпаз клубтары