Мысық-әйел (), шын есімі Селина Кайл () — Бэтмен жайлы комикстерде көрінетін DC Comics ғаламының кейіпкері. Комикстерде бірде суперзұлым, бірде антиқаһарман ретінде бейнеленеді. «Бэтменде» дебют жасағаннан кейін, өзінің жеке комиксіне ие болып қаһарманға айналды.

Биографиясы Селина Готэмнің ең кедей кварталдарының бірінде дүниеге келген. Бала кезінде сурет салуды ұнатып, суретші болғысы келеді. Анасы Селина мен әпкесі Мэггиді көп елемеген, ол Селина алты жаста болғанда өзіне қол салады. Алты жыл өткеннен кейін оның маскүнем әкесі Брайан Кайл қайтыс болды. Ол балаларын үнемі ұрып соғатын. Әпкелі сіңлі қыздар бөлек-бөлек қамқоршыларға беріліп бірін-бірі ұзақ уақыт көрмейді. Селина болса балалар үйіне тап болады. Қатал директор оның мінезін ұнатпай Селинаны ұрып қамап тастайтын. Селина қиыншылықтарға қарамастан берілгісі келмеді: ол өзінің гимнастикалық бейімімен табиғи қырағылығын пайдаланып құлыптарды ашуды, қауіпсіздік жүйесін айналып өтуді үйренген. Ол шатырға шығып алып, жақсы өмір жайлы армандағанды ұнататын.

Дереккөздер

Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:DC Comics суперзұлымдары Санат:1940 жылы пайда болған комикс кейіпкерлері Санат:Билл Фингер ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Боб Кейн ойлап тапқан кейіпкерлер Санат:Бэтмен Санат:DC Comics