Алдаир Насименту душ Сантуш (; 30 қараша 1965 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4151, Ильеус, Баия) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. 1994 жылғы әлем чемпионы.
Мансабы Бразилия, Португалия, Сан-Марино және Италия клубтарында ойнады. "Фламенго" сапында 1987 жылы Бразилия чемпионы атанды. 1990 жылы "Ромаға" ауысып, 13 маусым бойы ойнап, 400-ден аса ойында алаңға шықты. 2003 жылы клубтан кеткен соң 6-нөмірді команда басшылары Алдаирдің құрметіне мәңгі бекіткенімен, 2013 жылы нидерландтық Кевин Стротмаанға берді.
Карьерасының соңғы жағында Сан-Мариноның "Мурата" клубында ойнады.
Құрама сапында табысты болды, 1989 және 1997 жылдары Америка кубогын, 1994 жылы әлем чемпионатын, 1997 жылы Конфедерациялар кубогын ұтып алды.
Жетістіктері Фламенго
Рио-де-Жанейро штатының чемпионы: 1986 Бразилия чемпионы: 1987
Бенфика
Португалия чемпионы: 1989 Еуропа чемпиондар кубогының финалисі: 1990
Рома
Италия чемпионы: 2001 Италия кубогы: 1991 Италия суперкубогы: 2001 УЕФА кубогының финалисі: 1991
Мурата
Сан-Марино чемпионы: 2008
Бразилия
Әлем чемпионы: 1994 Әлем чемпионатының финалисі: 1998 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1996 Оңтүстік Америка чемпионы: 1989, 1997 Америка кубогының финалисі 1991, 1995 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 1997
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі Статистикасы Профилі Профилі Профилі «Фламенго» сапындағы барлық матчы
Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Рома ФК ойыншылары Санат:Дженоа ФК ойыншылары Санат:Рио-Бранко ФК ойыншылары Санат:Мурата ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары