Қаратау – Қиыл өзенінің аңғарындағы аласа тау.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда ауданы, Құрсай ауылының оңтүстік-батысында 45 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 272 м. Солтүстік-батыстан оңтүстікке қарай доғаша иіліп 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. Көлбеу беткейі жазыққа ұласады. Оңтүстік беткейі құрғақ өзен аңғарларымен тілімделген. Солтүстігінде Жоғарғы Қарасай қыстауы, шығысында Суықбұлақ, Ақбұлақ қыстаулары, оңтүстігінде Дербісәлімола тауы орналасқан.
Өсімдігі Ақшыл қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, қозықұлақ, т.б. дала өсімдіктері өседі. Етегі жайылым мен шабындық ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қобда ауданы таулары