Ворскла — Украинаның Полтава қаласындағы футбол клубы. 1955 жылы 5 қаңтарда құрылған. Өз алаңындағы ойындарын А. Бутовск атындағы стадионда өткізеді, сыйымдылығы 24 000 адам. Қазіргі күнде Украина жоғары лигасында өнер көрсетеді.
КСРО дәуірінде төменгі лигаларда ойнаған. 1992 жылы Украинаның бірінші чемпионатында екінші дивизионда ойнады. 1996/97 жылғы маусымда тұңғыш рет жоғары лигаға жолдама алды.
Интертото кубогы мен УЕФА Еуропа Лигасына бірнеше рет қатысты, ең жоғары көрсеткіші — 2011/12 жылғы УЕФА Еуропа Лигасы мен 2018/19 жылғы УЕФА Еуропа Лигасындағы топтық кезең.
Жетістіктері
Украин КСР
УКСР кубогы Жеңімпаз (1): 1956
Украина
Чемпионат 3-орын (2): 1997, 2018 Кубок Жеңімпаз (1): 2009 Суперкубок Финалист (1): 2009 Украина 1-лигасы Чемпион (1): 1996 Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайт Вконтакте Сайт Ультрас Жанкүйерлер сайты Бейресми сайт (укр.) Tribuna.com
Санат:Украина футбол клубтары