Роман Селиверстов (27 қыркүйек 1981 жыл) — қазақстандық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы 2002 жылы "Есіл-Богатырь" клубында кәсіби карьерасын бастады. Алаңға тұрақты шыққанымен, нәтижелі ойын көрсете алмай, келесі маусымда команданың фарм клубына түсіп кетті.
2005 жылы "Энергетик" клубына, 2006 жылы жаңадан құрылған "Авангард" (Петропавл) клубына ауысты.
2008 жылы туған клубына қайта оралғанымен, мүлде алаңға шықпады.
2009 жылы жаңадан қайта құрылған "Намыс" (бұрынғы "Астана-64") клубына ауысты.
2010 жылы "Қызылжарға" оралды да, карьерасының қалған бөлігінде ешқайда ауыспады.
Жетістіктері
Бірінші лига жеңімпазы: 2006 Бірінші лига қола жүлдегері: 2009
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Екібастұз-2003 ФК ойыншылары Санат:Авангард Петропавл ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футболшылары