Юри Джоркаефф (; 9 наурыз 1968, Лион, Франция) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. 1998 жылғы әлем, 2000 жылғы Еуропа чемпионы.

Мансабы Клубтық Юридің тегі қалмақ, әкесі Жан Джоркаефф Франция ұлттық футбол құрамасы сапында 1966 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Карьерасын 1984 жылы "Гренобль" клубында бастады. 1986 жылы клуб бапкері Пламен Марковтың шешімімен клуб капитаны боп тағайындалды.

1989 жылы болашақ жұбайы Софимен танысты да, сонымен бірге Страсбург қаласына қоныс аударды әрі қала аттас клубқа ауысты. Бірақ онда ұзақ ойнай алмады, 1990 жылы "Монакоға" ауысып кетті.

Кейін ПСЖ, "Кайзерслаутерн", "Интер", "Болтон", "Блэкберн" секілді клубтарда ойнады. 2006 жылы "Нью-Йорк МетроСтарз" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.

Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1993 жылы 13 қазанда Израильге қарсы ӘЧ-1994 іріктеуінде алаңға шықты. Джоркаефф 1996 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. 1998 жылғы әлем чемппионатында да құраманың жетекші ойыншыларының бірі болды.

2002 жылғы әлем чемпионатындағы құраманың сәтсіз қатысуынан соң Джоркаефф құрамадағы карьерасына нүкте қойды.

Жетістіктері

Ұлттық құрама

Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2001

Клубтық

Кубок иелері кубогы: 1996 УЕФА кубогы: 1998 Франция кубогы: 1991

Жеке

Франция чемпионатының үздік мергені: 1993/94 "Интердің" үздік ойыншысы: 1997

Сілтемелер

http://www.rsssf.com/miscellaneous/djorkaeff-intl.html https://web.archive.org/web/20050220195655/http://www.world-soccer.org/p-00197.htm

Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Гренобль ФК ойыншылары Санат:Страсбур ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Кайзерслаутерн ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Болтон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Нью-Йорк Ред Буллз ФК ойыншылары