Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов (1957 жылы 11 маусымда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа станциясында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Қостанай облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Өмірбаяны 1979 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін физика пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
1979 жылы - Рудный индустриалдық институтының оқытушысы.
1981 – 1984 жылдары - Қостанай құрылыс техникумы комсомол комитетінің хатшысы.
1984 – 1986 жылдары - Қостанай қалалық комитетінің бөлім меңгерушісі.
1986 – 1988 жылдары - Қостанай құрылыс техникумының оқытушысы.
1988 – 1991 жылдары - Қостанай қалалық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы.
1991 - 1993 жылдары - Қостанай қаласы, «Социальная служба молодежи» қауымдастығы төрағасының орынбасары, төрағасы.
1993 – 1995 жылдары - Қостанай қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары.
1995 – 1997 жылдары - Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.
1997 - 2001 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2001 – 2005 жылдары - Қостанай қаласы, «Стомед» ЖШС коммерциялық директоры.
2005 жылы - Қазақстан Республикасы агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы – Қазақстан Республикасы агенттігінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері тәртіптік кеңесінің төрағасы.
2005 – 2014 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2014 жылдан бері - Қостанай облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері