Тимоти Кастань (; 5 желтоқсан 1995 жыл, Арлон, Бельгия) — бельгиядық футболшы, «Лестер» клубы мен Бельгия ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы.

Клубтық мансабы "Генк" футбол клубының түлегі. 2013-17 жылдары төрт маусым осы клубта ойнады.

2017 жылы жаздан бері "Аталантаның" футболшысы. 10 қыркүйекте "Сассуолоға" қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты. 2018 жылы 27 тамыз күні клубы "Рома" қақпасына клуб сапындағы тұңғыш голын соқты.

2020 жылы жазда "Лестер Ситиге" ауысты. 13 қыркүйекте Англия чемпионатының бірінші турында "Вест Бромвичке" қарсы тұңғыш рет жаңа клубы сапында алаңға шығып, бір гол соқтыhttps://football.kulichki.net/worldnews/news.htm?618701.

Халықаралық карьерасы 2018 жылы 7 қыркүйек күні Шотландияға қарсы жолдастық кездесуде тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты.

2019 жылы 8 маусым күні Қазақстанның қақпасына тұңғыш голын соқты.

Дереккөздер

СІлтемелер Профилі Belgium profile at Belgian FA

Санат:Бельгия футболшылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Генк ФК ойыншылары Санат:Аталанта ФК ойыншылары Санат:Лестер Сити ФК ойыншылары