Лэндон Тимоти Донован (; 4 наурыз 1982, Онтэрио, Калифорния, АҚШ) — АҚШ-тық футболшы, жартылай қорғаушы. АҚШ Ұлттық футбол құрамасында доп тепкен, ұлттық құрама тарихындағы мерген футболшы (57 гол).
2020 жылдан бастап бапкерлікпен айналысады.
Мансабы Клубтық АҚШ-тың "Кэл Хит", "Академия IMG" клабтарының түлегі. Кәсіпқой карьерасын 1999 жылы Германияның "Байер" клубында бастады. Леверкузендік клубта анау айтқан жарқырамады, көбіне фарм-клубында доп тепті, кейін АҚШ-тың "Сан-Хосе" клубына жалға берілді.
2005 жылы отанына оралып, "Лос-Анджелес Гэлекси" клубында ойнады. 2014 жылға дейін осы клубқа тиесілі футболшы болды, арасында "Баварияда", "Эвертонда" жалда ойнады. 2007 жылы командаға Дэвид Бекхэм келді де, Лэндон капитандықтан Бекхэм үшін бас тартты. Сол жылы Солтүстік Америка суперлигасының үздік мергені атанды.
2009 жылдың басында Бекхэм "Миланға" кетті де, Лэндон қайтадан капитандық міндетті қолға алды.
2014 жылы футболдан кетті де, 2016 жылы 34 жасында "Лос-Анжелес Гэлэксиге" қайта оралды.
Ұлттық құрама Құрама сапында 12 жыл бойы ойнап, төрт дүркін КОНКАКАФ чемпионы атанды. Құрама сапындағы соңғы ойынын 2014 жылы 10 қазан күні Эквадорға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
Жетістіктері
Командалық
Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2009 КОНКАКАФ чемпионы (4): 2002, 2005, 2007, 2013 КОНКАКАФ күміс жүлдегері: 2011 КОНКАКАФ қола жүлдегері: 2003
MLS кубогы иегері (2): 2001, 2003, 2005, 2011, 2012, 2014 MLS чемпионы (2): 2010, 2011
Жеке
АҚШ-тағы жыл футболшысы: 2003, 2004, 2009, 2010 КОНКАКАФ Алтын куюогының үздік мергені (3): 2003 (4 гол), 2005 (3 гол), 2013 (5 гол)
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы Профилі Профилі Ресми сайт
Санат:АҚШ футболшылары Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Байер 04 ФК ойыншылары Санат:Лос-Анжелес Гэлакси ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Леон ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары Санат:АҚШ футбол жаттықтырушылары