Ақ Еділ Қожа кесенесі – Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері Қорғалжын ауданы, Жұмай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4,5 км жерде орналасқан.

Сипаты Еділ Қожа исламды таратушы ретінде аты шыққан діни адам болған. Негізі, ескерткішті Жалмағанбет қажы мазары деп те атап жатады. Бірақ, Ақ Еділ оның ұлы болып келеді. Мазар ХІХ ғасырға жататын ірі діни сәулет өнерінің туындысына жатады. Бұл дөңкелекше келген мазар киіз үй сияқты тұрғызылған. Ғимарат жел мен жауын-шашынға шыдас бермей зақым көрген. Күмбездің үстіңгі жағы мен есіктің кіреберісі аздап опырылған. Биіктігі бес метрге жететін мазардың жалпы көлемі 7,8х7,6 м. Шығыс тұстан бөлмелерге қарай кіретін биіктігі үш жарым метрге жететін тік бұрышты есік бар.

Дереккөздер

Санат:Ақмола облысы сәулеті Санат:Ақмола облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері