Рой Морис Кин (, ; 10 тамыз 1971 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3396, Корк, Ирландия) — ирландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол бапкері.

Карьерасы Карьерасын 1989 жылы Ирландияның бірінші дивизионында сынға түсіп жүрген "Ков Рамблерс" клубында бастады. Оған дейін он жылдай "Рокмаунт" клубының жастар командасында доп тепті. "Ков Рамблерсте" ұзақ ойнамады, "Ноттингем Форест" командасының скауттарының көзіне түсті де, 1990 жылы жазда сонда ауысты. 1990/91 жылғы Англия чемпионатында жаңа командасындағы дебют ойынын "Ливерпульге" қарсы өткізді.

1993 жылы "Блэкбернге" ауысқалы тұрған жерінен "Манчестер Юнайтед" клубынан күтпеген ұсыныс түсті де, Рой Кин "қызыл сойқандарды" таңдады. 18 тамыз күні МЮ сапында тұңғыш рет алаңға шықты.

1997 жылы манчестерлік клубтың капитаны боп тағайындалды.

2005 жылы 18 қарашада командамен өзара келісім бойынша шартты жоққа шығарды да, клубтан кетті. Командадан кетуіне бапкерлер алқасымен жиі кикілжіңге келе беруі себеп болды.

Бір айдан соң "Селтик" клубына өтті. 2006 жылы маусым айында жарақатына байланысты футболмен қоштасты.

Командалық жетістіктері

Ойыншы ретінде Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы (7): 1993/94, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03 Англия кубогы (4): 1994, 1996, 1999, 2004 Англия суперкубогы (4): 1993, 1996, 1997, 2003 Чемпиондар Лигасы: 1999 Құрлықаралық кубок: 1999

Селтик

Шотландия чемпионы: 2005/06 Лига кубогы: 2006

Бапкер ретінде Сандерленд

Футбол лигасының кубогы: 2006/07

Жеке жетістіктері

Ойыншы ретінде

Англия премьер-лигасының жыл командасы (5): 1992/1993, 1996/1997, 1999/2000, 2000/2001, 2001/2002 Мэтт Басби жүлдесі (2): 1999, 2000 Премьер-лиганың үздік ойыншысы (2): қазан 1998, желтоқсан 1999 ФИФА 100

Бапкер ретінде

Англия футбол лигасының үздік бапкері (2): ақпан 2007, наурыз 2007

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Фотографиялары Профилі

Санат:Ирландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ирландия футболшылары Санат:Ноттингем Форест ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК жаттықтырушылары Санат:Ипсвич Таун ФК жаттықтырушылары Санат:Ирландия футбол жаттықтырушылары