Павел Андреевич Леус (; 15 қыркүйек 1978 жыл, Вильнюс) —- литвалық футболшы, қақпашы. Литва Ұлттық футбол құрамасында ойнағанhttp://footballfacts.ru/players/21467 .
Карьерасы
Клубтық Карьерасында Литва, Ресей, Польша, Қазақстан, Өзбекстан клубтарында ойнаған. Қазақстан жанкүйерлеріне "Алматы" клубында ойнаған жылдары жақсы таныс болды. Әуелі 2004 жылы "Жальгиристен" арендаға алынды да, 2005-06 жылдары алматылық клубтың толыққанды ойыншысы болды. 2006 жылы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. 2007 жылы "Вильнюсте" ойнап, маусымның екінші жартысын тағы да "Алматы" клубында жалда өткізді. Осы маусымның соңында Қазақстан кубогы финалисі атанды.
Алматыдан 2008 жылы кетіп, Өзбекстаннның бірнеше клубтарында доп тепті.
2017 жылы литвалық "Утенис" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама Литва құрамасы сапында 1998-2001 жылдары ойнады да, қайта шақырылмады.
Жетістіктері
Қазақстан кубогы: 2006
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Литва футболшылары Санат:Литва Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Жальгирис ФК ойыншылары Санат:Факел ФК ойыншылары Санат:Алматы ФК ойыншылары Санат:Насаф ФК ойыншылары Санат:Шуртан ФК ойыншылары Санат:Бұхара ФК ойыншылары Санат:Навбахор ФК ойыншылары Санат:Қызылқұм ФК ойыншылары Санат:Вильнюс ФК ойыншылары Санат:Таурас ФК ойыншылары Санат:Панерис ФК ойыншылары Санат:Утенис ФК ойыншылары