Толымсыз жандар қаласы – американдық жазушы Ренсом Риггздің романы, «Ерекше балалар үйі» романының сиквелі. Кітап оригиналы 14 қаңтар 2014 жылы АҚШ-нда ағылшын тілінде «Quirk Books» баспасымен шығарылғын. Оқиға бірінші кітап аяқталған орыннан басталып, Джейкоб пен оның достарының Мисс Сапсан үйінен жырақ кетіп, «Ерекше әлем астанасы» - Лондон қаласына жасаған сапары туралы баяндайды.

Сюжет Балалар крипто-сапиенстерді (ереше, паранормальді қасиеттерге ие адамдар) аулайтын, барлығынын көзіне көріне бермейтін құбыжықтардан қашып кеткеннен кейін, күшті теңіз дауылының астында қалды. Жағажайға жеткеннен кейін, жасөспірімдердің артынан мақұлықтар, бұрын ерекше адамдар болғандар, келе жатқаны білінеді. Балалар қорғаныш іздеп, орманға жүгіреді, алайда, жүгіретін бағыт не орын жоқ екенін аңғарады. Өздеріне орын таппай, басты кейіпкерлер орманды аралап жүрген еді, бірақ кейін олар Мисс Сапсан үйінен алып кеткен «Ерекшеліліер әңгімелері» кітабын естеріне түсіреді. Кітаптағы ертегі көмегімен Мисс Сапсан түлектері жаңа уақыт орамын тауып, ерекше жануарларға толы уақыт цикліне кіреді. Осы орамның имбринасы Мисс Королек басқа имбриналарға көмектесу үшін Англияға кеткенін білгеннен кейін Джейкоб пен оның достары имбринаны іздеуге аттанады. Осы сапар барасында ерекше балалар кездестірген цыгандар тобы оларға қалаға жетуге және тағы басқа заттармен көмектеседі.

Сиквел Мисс Перегрин (Мисс Сапсан) топтамасының үшінші «Жандар кітапханасы» атты кітабы 2015 жылдың 22 қыркүйек күні жарық көрді.

Кейіпкерлер КейіпкерлерЕрекше қасиеттеріКлэр ДенсморЕкінші ауызы бар кішкентай қыз.Мисс Баленсиага РенЕрекше жануарлар уақыт орамының имбринасы.СэмРегенерация қасиетіне ие ерекше қыз.ЭсмеСэмнің сіңілісіКаул БентамМисс Сапсанның інісі, басты антоганист.Мелани МанонТелекинез қасиетіне ие ерекше қыз.Джейкоб ПортманЕрекше адамдарды аулайтын құбыжықтарды көре алатын ерекше жасөспірім, басты кейіпкер.Эмма БлумОтты тудыра алатын ерекше жеткіншек.Миллард НаллингсКөрінбейтін балаЭддисон МакГенриЖоғары зияткерлік дарындылығы бар ереше ит.Хью АпистонХьюдің ішінде аралар тұрады. Ол аралармен сөйлесіп, ораларды басқара алады.ДердраМисс Рен уақыт орамының ерекше жануары.Алтея ГриммебвальдКриокинез қасиетіне ие ерекше қыз.Енох О’КоннорӨлі денелерді қысқа уақыт аралығына тірілте алады.Бронвин БрантлиНанғысыз күшке ие ерекше қызОливия Аброхолос ЭлефантаАуадан да жеңіл қыз, левитация қасиетіне ие қыз.Гораций СомнассонБолжаулық түстерді көре алады.Фиона ФрауэнфельдӨсімдіктерді едәуір өлшемге дейін өсіре алады.Сүйекті ағайындыларЭхолокация қасиетіне ие ерекше ұлдар.

Санат:Фэнтези романдары