Динара Виталийқызы Рахимбаева (1995 жылы 27-қаңтар, Алматы) – қазақстандық модел және блогер.
Өмірбаяны Динара Алматы қаласында 1995жылы 27-қаңтарда ұлтаралас жанұяда өмірге келді. Оның әкесі орыс, анасы қазақ. Динара үйінде үш баланың үлкені болып саналады, оның Ислана атты әпкесі, Жәңгір атты інісі бар. Ол Алматыдағы нөмірі 134 мектеп лицейін бітірген . Кейін 2017 жылы Ноттингимдегі мектепті "қаржы " мамандығы бойынша аяқтаған.
Ол өзінің сыртқы келбетіне қарай атақты болды. Оның өте жіңішке беліне қарап, оны "қазақстандық барби "деп те атайды.
Динара 2015 жылдан бері инстаграм желісінде өз парақшасын жүргізеді. Қазіргі кезде онда 510 мыңға жуық оқырман бар.
2017 жылы Динара Bite Me Lingerie атты қазақстандық іш киім брендін жарнамалап жалвңаш суретке түскен болатын. Ол суреттері қазақстандық L'Officiel Kazakstan журналында жарияланған еді. Бұл материалдар мұсылман елдері мен жалпы өзінің жерлестері арасында қызу талқыға түсті.
2018 жылы Динара Men's Health Kazakhstan журналына суретке түсті. Содан кейін "Келинка тоже человек 2" фильмінде ойнады.
2019 жылы наурыз айында ол мүлдем жалаңаш түрде суретке түсті.
Дереккөздер
Санат:Блогерлер Санат:Фотомодельдер