Еркін Олегұлы Тапалов (3 қыркүйек 1993, Каменка, Тасқала ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық футболшы, "Қайрат ФК" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.
Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан. Мансабы Ақжайық 2011-18 жылдары "Ақжайық" сапында ойнады. Клубтағы тұңғыш ойынын 2011 жылы 13 сәуір күні "Ақтөбеге" қарсы өткізіп, негізгі құрамда алаңға шықты да, 67-минутта алмастырылды. Тұңғыш голын 2013 жылы 2 қараша күні "Атырау" қақпасына енгізді (3:0).
Жетісу 2019 жылғы Қазақстан чемпионаты басталардан алдын "Жетісуға" ауысты.
Ұлттық құрамада 2019 жылы 21 ақпан күні тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Ол Антальяда өткен Молдова құрамасына қарсы бейресми жолдастық кездесу болатын. Бұл ойында құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жетістіктері Тобыл Қазақстан суперкубогы; 2024 Қайрат Қазақстан суперкубогы; 2025 Қазақстан чемпионы: 2025
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ақжайық ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Тобыл ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары