Зисис Вризас (; 9 қараша 1973https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/6095, Кавала, Грекия) — грекиялық футболшы, шабуылшы. 2004 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасында Грекия, Италия, Испания клубтарында доп тепті. Грекия ұлттық құрамасы сапында 1994-2005 жылдар аралығында өнер көрсетті.
Футболшы жайлы фактілер
Карьерасын "Ксанти" сапында бастады да, тұңғыш ойынын 1992 жылы 9 ақпанда "Ларис" клубына қарсы өткізді. Кейін 2008 жылы ПАОК сапында жүріп карьерасын аяқтады. Соңғы кездесуін 6 қаңтар күні тағы да "Ларис" клубына қарсы өткізді. Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 1994 жылы 27 сәуірде Сауд Арабиясына қарсы өткіздіhttp://www.eu-football.info/_match.php?id=10096. Алғашқы голын 1995 жылы 25 қаңтарда Кипр қақпасына енгіздіhttp://www.eu-football.info/_match.php?id=25902. Бұл екеуі де жолдастық кездесу болатын. 2004 жылғы Еуропа чемпионатында алты кездесудің бәрінде де алаңға шықты. Топтық кезеңнің үшінші турында Ресей қақпасына бір гол соқты (1:2). 2010-11 жылдары Грекия Ұлттық құрамасының бапкер көмекшісі боп қызмет атқарды.
Жетістіктері
Еуропа чемпионы: 2004 Дереккөздер
Сілтемелер worldcup/players national-football-teams.com
Санат:9 қарашада туғандар Санат:Грекия футболшылары Санат:Грекия футбол жаттықтырушылары Санат:Грекия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ксанти ФК ойыншылары Санат:ПАОК ФК ойыншылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Сельта ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары