Сүлтан Тоқатайұлы Әбілдаев (21 наурыз 1970, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Футбол бапкері.

Карьерасы Қызылорда футболының түлегі. 2005 жылы карьерасын аяқтағанша Қызылорданың "Қайсар" клубында доп тепті. Команданың жетекшісі мен капитаны болдыhttp://sport.gazeta.kz/art/?aid=12625. Тек 2002 жылы бір маусым ғана "Атырауда" ойнады.

Қазақстан құрамасы сапында бір ғана кездесу өткізді (1992 жылы 1 маусымда Түрікменияға қарсы).

Бапкерлік карьерасында бір маусым "Қайсар" клубын жаттықтырды. 2010 жылдан бері осы клубта бапкердің көмекшісі боп қызмет атқарады.

Жетістіктері

Қазақстан кубогы: 1998/99

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:21 наурызда туғандар Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК жаттықтырушылары Санат:КСРО футболшылары