Жаңасу – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Көкшетау қыратының солтүстігіндегі Айғабақ ауылы жанындағы төбеден (293 м) алады. Солтүстік Қазақ жазығындағы Алабота сорына құяды. Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 1200 км2.

Гидрологиясы Жаз мезгілінде және құрғақшылық жылдары суы қарасуларға бөлініп қалады. Сағасы сортаңды батпаққа айналған. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қазанның соңында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ери бастайды. Суы жайылымы суландыруға пайдаланылады.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Тайынша ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы