Марко Матерацци (; 19 тамыз 1973 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5778, Лечче, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. Италия ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2010 жылғы әлем чемпионы.
Футболшы жайлы фактілер
Италиялық белгілі бапкер Джузеппе Матеррацидің ұлы. 2006 жылғы әлем чемпионатында Матерацци қайта-қайта көпшіліктің назарында болды. Финалда Франция және Италия құрамалары кездесіп, 19-минутта Матерацци есепті теңестірді — 1:1. 110-минутта Италияның айып алаңына жақын тұста франциялық Зинедин Зидан мұны баспен ұрып құлатады да, алаңнан қуылады. Кейін Матерацци өз кітабын шығарып, онда "Мен сол кезде Зиданға не айттым?" деген сұраққа жауаптың жүзден аса нұсқасын жазады. "Көпшілік мені Зиданның намысына тиетін сөздер айтты деп айыптайды, ал шын мәнінде олай емес. Мен ондай жағдайды ешкімді де кемсітпес едім" деп жазады кітабында. Бәрібір сол кезде Зиданға не айтқаны жұмбақ күйі қалады. 2011 жылы жарақатына байланысты футболшылық карьерасын аяқтады. Бапкерліктен бағын сынап, Үндістанның "Ченнайин" клубын үш жылдай баптады. 2014/15 жылғы маусымда Үндістан суперлигасының жеңімпазы атанды.
Жетістіктері
Командалық «Интер»
Италия чемпионы (5): 2005/06Бұл маусымда "Ювентус" чемпион атанған болаты. Бірақ жемқорлыққа қатысты жанжал қорытындысында "Ювентус" чемпиондықтан айрылды да, орнына "Интер" чемпион деп танылды, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10 Италия кубогы (4): 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2010/11 Италия суперкубогы (4): 2005, 2006, 2008, 2010 Чемпиондар Лигасы: 2009/10 Клубтар арасындағы әлем чемпионы (1): 2010
Италия құрамасы
Әлем чемпионы: 2006
Жеке
Италия чемпионатындағы жыл қорғаушысы: 2007
Бапкер ретінде
Үндістан суперлигасының жеңімпазы: 2014/15
Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайт Профилі
Санат:Италия футболшылары Санат:Перуджа ФК ойыншылары Санат:Эвертон ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Лацио ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары