Жарқайың – Есіл-Тобыл аралығындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қостанай ауданы Озерный ауылынан батысқа қарай 15 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 17,2 км 2, ұзындығы 7,3 км, енді жері 4,7 км. Жағалауы тік жарлы. Суы қарашаның басында қатып, мамыр айында ериді. Суы кермек татиды. Көлден балық ауланады.‎

Санат:Қостанай ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы Санат:Тобыл су алабы