Робер Эммануэль Пирес (; 29 қазан 1973, Реймс) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. Франция ұлттық құрамасында 1996-2004 жылдары ойнады.

Мансабы Құрама сапында мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді. 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды. 2001, 2003 жылдары Конфедерация кубогын ұтып алды. Олардан бөлек 2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Клубтық деңгейде ең көп жүлделі болған шақтары Лондонның "Арсеналында" ойнап жүрген кездері. 2002, 2004 жылдары Англия чемпионы атанды. 2003/04 жылғы Англия чемпионатының маусымында "Арсенал" бір рет те ұтылмастан чемпионатты аяқтады. Бұл жетістікке Пирес өлшеусіз үлес қосты.

"Арсенал" сапында 2006 жылы Чемпиондар Лигасының финалында ойнады. Ойынның 18-минутында қақпашы Йенс Леманн алаңнан қуылды да, ойынға екінші қақпашыны қосу үшін бапкер алаңнан Пиресті шығарып алды да, матчты толық ойнай алмады. Айта кетейік, бұл ойында "зеңбірекшілер" 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Жетістіктері

Командалық Мец

Француз лигасы кубогы: 1996

Арсенал

Англия чемпионы (2): 2002, 2004 Англия кубогы (3): 2002, 2003, 2005 Англия суперкубогы (2): 2002, 2004

Ұлттық құрама

Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерациялар кубогы (2): 2001, 2003

Жеке

Франция чемпионатының үздік жас футболшысы: 1996 Конфедерация кубогының үздік мергені: 2001 Конфедерация кубогының үздік футболшысы: 2001 Конфедерациялар кубогындағы Франция құрамасының гол соғудан рекордшысы: 5 гол Англия чемпионатындағы жыл командасы тізіміне енді (3): 2001/02, 2002/03, 2003/04 Құрмет легионы ордені: 1998 ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Франция футболшылары Санат:Мец ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары