Марио Фигейра Фернандес (; 19 қыркүйек 1990 жыл, Сан-Каэтану-ду-Сул, Сан-Паулу, Бразилия) — бразилиялық және ресейлік футболшы, "Зенит" клубының қорғаушысы.
Ұлттық құрамада Марио Ресейдің де, Бразилияның азаматы саналады. Бразилия құрамасына алғаш рет 2011 жылы шақырылғанымен, тұңғыш ойынын 2014 жылы 14 қазан күні Жапонияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Осы кездесуден соң оны ешкім қайтадан ұлттық құрамаға шақырмады. Өзінің қалауымен 2016 жылы Ресей азаматтығын алды. Бразилия сапында турнирлік маңызы бар матчтарда ойнамағандықтан, ФИФА Мариоға Ресей құрамасында ойнауға рұқсат берді.
Ресей сапындағы тұңғыш ойынын 2017 жылы 7 қазан күні Корея құрамасына қарсы өткізді.
Құрама сапында 2018 жылғы әлем біріншілігіне қатысты. Ширек финалда Хорватияның қақпасына бір доп енгізді. Бірақ ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальтилер сериясында Марио мүлт кетті. Одан бөлек Смолов та өз соққысын енгізе алмай, Ресей жартылай финалға шыға алмады.
2021 жылдың 13 қыркүйегінде Марио Фернандес Ресей Ұлттық футбол құрамасы сапында ойынын аяқтайтынын мәлімдеді.
Жетістіктері Командалық
«Гремио»
Риу-Гранди-ду-Сул штатының чемпионы (1): 2010 Рока кубогы (1): 2011
«ЦСКА»
Ресей чемпионы (3): 2012/13, 2013/14. 2015/16 Ресей кубогы (1): 2012/13 Ресей суперкубогы (2): 2013, 2014
Жеке Риу-Гранди-ду-Сул штатының сиволикалық құрамасы: 2010 Ресейдегі үздік 33 ойыншының бірі (4): № 1 (2013/2014, 2014/2015), № 2 (2012/2013, 2015/2016).
Дереккөздер
Санат:Ресей футболшылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Гремио ФК ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Зенит ФК ойыншылары